Hennessey - әлемдегі ең жылдам көлік атанды

Hennessey - әлемдегі ең жылдам көлік атанды

Әлемдегі ең жылдам көлік болып американдық суперкар Hennessey танылды. Ол Lotus Elise платформасы негізінде жасалған. 

Автокөлік қозғалтқышы жеті литрлі цилиндрмен және екі турбинамен жабдықталған. Көліктің жалпы қуаты 1244 ат күшіне тең. АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан әскери әуе күштері базасында өткен сынақ кезінде Hennessey сағатына 427,6 шақырым максималды жылдамдықты көрсетті. 

1

Осылайша, Hennessey - әлемдегі ең жылдам көлік атағына ие болды. Оның қазіргі бағасы 1,2 миллион доллар болады. Бірақ, қазірдің өзінде дәл осындай көліктің тек 29 данасы ғана шығарылатыны белгілі болып отыр.   

1

Осыған дейін әлемдегі ең жылдам көлік болып қуаты 1200 ат күшіне тең Bugatti Veyron Super Sport аталып келген еді. Ол арнайы сынақ кезінде сағатына 431 шақырым жылдамдықты көрсеткен еді. Алайда, бұл көлікте жылдамдықты электронды тежегіштің орналасуы себепті "әлемдегі ең жылдам" атағынан айырылды.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: motorspices.com

Б. Қосмағамбет