Бельгиялық инженерлер ерекше көлік құрастырды (видео)

Бельгиялық инженерлер ерекше көлік құрастырды (видео)
Фото: www.3dnews.ru

Бельгиялық автокөлік құрастырушылар электромобильдер өндірісіне жаңа көзқараспен келуді жоспарлапты. Iris деп аталатын электромобильдің алдыңғы кабинасы жоғарыға көтерілу мүмкіндігіне ие.

Ықшам дизайнды көлік бір адамды тасымалдауға арналған. Бір қызығы, басты артықшылығы болып отырған көтеру механизмі қозғалыс кезінде де іске қосылып, үш метрге дейін көтеріле алады.

Техникалық мінездемесіне тоқтала кетсек, электромобиль 127 ат күшіне ие электрлі қозғалтқыштың көмегімен оталады. Ал жоғары жылдамдығы сағатына 25 шақырым болып, толық қуатымен 85 шақырымды басып өте алады.

Панорама сыйлайтын Iris электромобилі 45 000 еуро бағасымен сатылымға шықпақ. 

Ұқсас жазбалар: 

Кептеліс кезінде өздігінен ықшамдалатын көлік жасалды

Жапондар ауамен жүретін автомобиль жасап шығарды

Ж. Өрісбай