Сарапшылар ең қуатты Android-смартфонды анықтады

Сарапшылар ең қуатты Android-смартфонды анықтады
Фото: massaget.kz

AnTuTu бенчмаркы Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін ең қуатты смартфондардың рейтингін жариялады.

Нәтижесінде, Huawei Mate 20 смартфоны ең қуатты гаджет деп танылды. 2018 жылдың қазанында алғаш сатылымға шыққан қытайлық смартфонға мамандар қуаттылығы үшін 306,6 мың ұпай берді.

Huawei компаниясының Mate сериясымен жарыққа шыққан тағы бір смартфоны рейтингтің екінші орнына жайғасты. Бұл – Huawei Mate 20 Pro. 303 мың ұпай жинап екінші орынға шыққан смартфон – Mate сериясының ең соңғы флагманы. Бұл смартфонды YouTube арнамыздағы "Техно шолу" бағдарламасында сынақтан өткізіп көрдік. Толық видеоны сілтемеден көре аласыз.

Үздікке үштікке Huawei-дің кезекті өнімі кірді. Бұл – Mate 20X.

Бұлардан кейінгі орындарға Asus ROG Phone, OnePlus6Т OnePlus6, Xiaomi Mi Mix 2S, Mi8, Xiaomi Black Shark, Pocophone F1 смартфондары жайғасты.

А. Қажиев