Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / R сериялы жаңа Oppo смартфондары таныстырылды

R сериялы жаңа Oppo смартфондары таныстырылды

R сериялы жаңа Oppo смартфондары таныстырылды

7 қараша күні Oppo компаниясы Алматыда жаңа Oppo RX 17 Pro және RX 17 Neo смартфондарын таныстырды. Өздерін камерофон ретінде қалыптастырған қытайлық брендтің жаңа смартфондары R сериясындағы әзірге үздік гаджеттер.

Екі смартфон да Oppo компаниясының өзіндік нақышы мен концепциясын сақтаған, жинақы, оптимал көлемді және қабілетті камералары бар. Бірі – орта сегментке арналған бюджетті смартфон (RX 17 Neo), бірі – жоғары сегменттегі R сериясының флагманы (RX 17 Pro).

Oppo RX 17 Neo

Oppo-ның "Зергер компания" деген бейресми аты бар.  Өйткені айрықша дизайнға ие, ұсақ-түйегіне дейін келісті жасалған бірқатар смартфоны бар. RX 17 Neo сол қатарды толықтырып отыр. Смартфон бітімі жинақы, салмағы жеңіл (156 грамм), иілген жақтаулары бар.

Қазіргі тенденцияға айналған моно-қабағы тамшы формасында жасалған, сол арқылы хабарландырулар модуліне біршама кеңістік қалдырған. Бүкіл дисплей алдыңғы бөліктің 91%-ын алады. Алтыншы деңгейдегі Corning Gorilla Glass әйнегі болса, ауыр соққыларға төтеп беруге әзір.

Дисплей көлемі – 6,4-дюйм (19,5:9), ал анықтығы – FHD+ (2340x1080). Әдепкі пропорцияға сай оптимал көрсеткіштер. Өйткені смартфонға Snapdragon 660 процессоры орнатылған. Жедел жады – 6 GB, ішкі жады – 128 GB.

Камерасы Oppo-ның төлқұжатына айналған AI SelfieTune 2.0 технологиясымен жұмыс істейді. Фронтал камера суретке 25 мегапиксельде (апертура f/2.0), ал негізгі қос модульді камералар 16+2 мегапиксельде (апертура f/1.75+f/2.4) түсіреді.

Орта сегменттегі смартфондарды шартты түрде бюджетті десек, RX 17 Neo-ның қарым-қабілеті бағасына сай деуге толық негіз бар. Өйткені смартфон нарықтық нормадағы бағаны (169 990 теңге) белгілеген.

Oppo RX 17 Pro

Oppo RX 17 Pro – R сериясының флагманы. Тіпті Find X-ке бәсекелес болатындай шамасы бар. Сөзіміз дәйекті болсын, дәлелдеп көрейік.

RX 17 Pro корпусы күңгірт реңкі аралас 3D-әйнектен жасалған. Ол смартфонның артқы бөлігіне ерекше градиенттік (тұманды градиент және күңгірт зүбаржат) өң береді. 6.4 дюйм AMOLED дисплейі корпус бетінің 91.5%-ын алады.

Технологтар үнем мен инновацияны жақсы ұштастырған. Өйткені саусақ ізі сканері сенсор бетіне орнатылған. Сондай-ақ бет-әлпетті тану функциясы да бар.

RX 17 Pro – Oppo тарихындағы түнгі суреттің шебері. Оның F1.5/F2.4 (Smart Aperture) апертурасы жарық нашар түсетін кеңістікте, яки түнде әр детальді сапалы түсіруге мүмкіндік береді. Негізгі камералар 3 модульден тұрады, оның тек екеуі негізгі композицияға жауапты. Үшіншісін 3D камера ретінде жасаған.

Фронтал камера AI SelfieTune 2.0 арқасында түрлі жағдайға автоматты баптаулар қолданады, суретке 25 мегапиксельде (f/2.0) түсіреді.

Oppo-ның ең ұтымды инновациясы – қос батарея. Екеуі сағатына 1850 мА-лік қуат сыйдыра алады. Ескеретін жағдай бірінші батарея SuperVOOC Flash Charge арқылы жылдам қуатталады (10 минутта 40%), ал екіншісі қалыпты жылдамдықпен қуатталады.

Гаджет қаңқасын 8 ядролы Qualcomm Snapdragon 710 процессоры және Android 8.1 Nougat + Color OS 5.2 операциялық жүйесі құрайды. Ішкі жады – 128 GB, жедел жады – 8 GB.

Барлық үстем қабілетіне қарамастан RX 17 Pro-ның бірен-саран кемшілігі бар: қосымша microSD орнатуға болмайды, судан қорғайтын қабаты жоқ және мини-джек  орнына Type-C қолдану керек. Соған қарамастан Oppo RX 17 Pro өз бағасын (299 990 теңге) ақтайтын смартфонның бірі.

Екі смартфон Қазақстан нарығында 16 қарашадан бастап сатылады.

0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 09 қараша 2018, 09:57

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.