Жерасты автобусының үлгісі ұсынылды

Жерасты автобусының үлгісі ұсынылды
Фото: vk.com

Алып шаһарлардағы кептелістен құтылудың жаңа жолдарын ойластыру шаралары жасалып жатқанына көп болды. Әркім өзіндік әдістерін ұсынып келеді.

Осы мәселеге қатысты белгілі инженер, кәсіпкер, миллиардер Илон Маск Лос-Анджелес қаласының орталығынан қала сыртына дейінгі қашықтықта жерасты желілерін салу идеясын айтты.

Оның The Boring Company аталатын компаниясында жасалатын автомобиль арнайы платформа арқылы жерасты желісіне өтіп, белгіленген нүктеге дейін сағатына 124 миль (199,559 км) жылдамдықпен жүріп отырып жетеді.

Жерасты желісінің концептін жариялаған арнайы презентация барысында мұндай ерекше жолаушы тасымалдау көлігіне назар аудармау мүмкін болмады.

Жақын күндері ғаламторда жерасты электроавтобусының концептісі пайда болды. Сырт көзге ол әйнектен жасалған капсулаға ұқсайды. Бұл көлік үлгісі бойынша онда бір мезгілде  7–8 жолаушы жайғаса алады.

Жерасты электроавтобустары да автомобильдер принципімен қозғалады. 

А. Оралқызы