Apple корпорациясы секундына қанша табыс табады?

Apple корпорациясы секундына қанша табыс табады?
Фото: hi-news.ru

Біреудің ақшасын санау дұрыс емес екенін білсек те, адамдарға қызығушылық қасиеті тән. Әлеуметтік желілерде ірі-ірі кәсіпорын иелері, саясаткерлер, ірі компаниялар мен корпорациялар қанша табыс табатыны туралы пікірлер көптеп кездеседі. Мұндай ақпараттар бізге пайдалы ма? Бұл ақпараттардың пайдалы немесе зиян екеніне қарамастан, олар өз қызығушылығын жоғалтпай келеді.

Every Second сайты жақында ғана ашылғанымен, ерекше контентімен қоғам назарын өздеріне аударта білді. Мысалы, ол қазіргі уақыттағы Apple корпорациясының табысын есептейді. Сайт әзірге Apple, YouTube және Facebook сервистерінің статистикасын көрсетуде.

Сайттан Apple корпорациясының жұмысы жақсы жүріп жатқанын анық көре аласыз. Әр секундта әлем бойынша 5 iPhone смартфоны, 1 iPad планшеті, 1/6 Apple Watch сағаты және екі секундта бір Mac компьютері сатылады екен.

Бұл ақпараттар қайдан алынды? Every Second сайтында жұмыс істейтін адамдарға Apple корпорациясының бухгалтериясына жол жоқ екені анық. Олар компанияның түрлі қаржылық есептеріне арналған сараптамаға «реверс-инжиниринг» қолданады. Нәтижесінде, нақты статистикаға қол жеткізеді. 

А. Жапатова