Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты

Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты
Фото: Kanat Islam (facebook.com)

Қазақ кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам IBF Intercontinental рейтингінде бірінші орынға шықты. 

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) жаңарған құрлықтық рейтингінде отандасымыз көш басына шықты. Екінші орында ағылшын Ахмет Паттерсон болса, үштікке Франция елінің боксшысы Закария Аттоу енген. Бұл салмақта чемпиондық атаққа ие боксшы - италиялық Орландо Фиордигиглио.

Айта кетейік, бірінші орта салмақта бақ сынайтын отандасымыз WBO Intercontinental және WBA Fedelatin чемпиондық атақтарына ие. 27 мамыр күні таңда Қанат АҚШ-тың Флорида штатында кезекті кездесуін өткізеді. Қарсыласы – мексикалық боксшы Норберто Гонсалес (Norberto Gonzalez).

Норберто Гонсалес бүгінге дейін 31 кездесу өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. 13 жекпе-жегін нокаутпен ұтқан. 8 кездесуінде жеңіліс тапқан. Норберто Гонсалестің лақап аты – Әзәзіл! Ол өз салмағы бойынша мексикалық боксшылардың үздік төрттігінде. QAZAQ пен Гонсалес WBO NABA және WBA intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады. Қазақстандықтар бұл жекпе-жекті тікелей эфирден көре алады. 

Қанат шаршы алаңға шығатын бокс кешінде Жанқош Тұраров та кезекті кездесуін өткізеді.

Ө. Сансызбай