Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласы белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласы белгілі болды
Фото ©️ vk.com

Қазақ кәсіпқой боксшысы Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласы белгілі болды. Отандасымыз 26 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатында мексикалық боксшы Густаво Гарибаймен жұдырықтасады.

БӨЛІСУ

Густаво Гарибай кәсіпқой бокстағы мансабын 2008 жылы бастаған. Одан бергі аралықта 21 кездесу өткізіп, оның 13-де жеңіске жеткен. 6 жекпе-жегін нокаутпен ұтқан. 8 кездесуінде жеңіліс тапқан. Лақап аты – "Дәрумен" (Vitaminas).

Жанқош болса кәсіпқой бокста 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы рет 29 қазан күні «Алматы Арена» спорт кешенінде ганалық Исаак Аримен жұдырықтасты.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек өтетін бокс кешінде отандасымыз Қанат Ислам да шаршы алаңға шығады. Qazaq-тың қарсыласы да мексикалық боксшы - Норберто Гонсалес (Norberto Gonzalez).