Арман Оспанов жапон спортшысын нокаутпен жеңді (видео)

Арман Оспанов жапон спортшысын нокаутпен жеңді (видео)
Фото: kaz.tengrinews.kz

Қазақ спортшысы Арман "Сұңқар" Оспанов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан "АСВ" турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жапон спортшысы Таичи Накажиманы екінші раундта нокаутпен жеңді.

Аралас жекпе-жектен өтіп жатқан "АСВ-61" турнирінде отандасымыз бірінші раундтан-ақ қарсыласын қыспаққа алды. Бірнеше рет әдіске салғанмен, жапон спортшысы сытылып шығып кетті. Ал екінші раундта Арманның айнала тепкен соққысынан кейін Таичи Накажима ес жия алған жоқ. Төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Толық жекпе-жек

Айта кетейік, "АСВ" (Абсолютті Беркут Чемпионаты) — аралас жекпе-жек турнирін өткізетін ресейлік промоушн. 2014 жылдан бастап әлемдік аренаға шыққан. АСВ турнирлері Ресей, Польша, Шотландия, Тәжікстан елдерінде ұйымдастырылды.

Ө. Сансызбай