Головкиннің шаршы алаңға шығатын уақыты мәлім болды

О Сансызбай Корреспондент
Головкиннің шаршы алаңға шығатын уақыты мәлім болды
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегін қыркүйек айында өткізуі мүмкін. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлердің UCN басылымына берген сұқбатына сілтеме жасап vesti.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Том Леффлердің айтуы бойынша, GGG 36-шы жекпе-жегін биыл қыркүйекте өткізеді. Алайда промоутер қазақстандық боксшының қарсыласы кім болатыны белгісіз екенін де мәлімдеді. Қазіргі таңда Генаның командасы жекпе-жек туралы келіссөздермен айналысуда. Олардың алдыңғы қатарында мексикалық Сауль Альварес тұр.

- Келіссөздер бойынша бізде бірнеше нұсқалар бар. Әрине, «Канело» - бірінші орында. Билли Джо Сондерспен (орта салмақта WBO белбеуінің иегері) кездессе де жаман жекпе-жек болмайды. Дэнни Джейкобс пен кіші Крис Юбенк те бар. Тіпті Хильберто Рамирес (WBO екінші орта салмақ чемпионы) те жақсы қарсыластардың бірі. Не дегенмен Головкин үшін маңыздысымен өтетін кездесу ұйымдастыруға тырысамыз. «Канело» - Головкин үшін, біз үшін бірінші нұсқада. Ал ол келісетін болса, басқа бағытта жұмыс жасайтын боламыз. Не дегенмен, Головкин қыркүйекте кездесу өткізеді", - деген Том Леффлер.

Айта кетейік, бүгін мексикалық Сауль Альварес WBC тұжырымындағы чемпиондық белбеуден бас тартқан болатын. Оның айтуынша уақыттың шектеулі болуы келіссөздерге кедергісін келтіретін көрінеді. Нәтижесінде бұл тұжырым бойынша Гена нағыз чемпион атанды.