Альварес Головкинмен Мексикада жұдырықтасуды қалайды

Альварес Головкинмен Мексикада жұдырықтасуды қалайды
Фото: vk.com

Лас-Вегаста ұлыбританиялық боксшы Амир Ханды жеңген Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. Алайда ол отандасымызбен Мексикада жұдырықтасуды қалайтынын жеткізді.

- Мен оны жекпе-жекке шақырамын. Жекпе-жекті Мексикада өткізейік. Мен өмірде ешкімне қорықпаймын, - деді «Канело» Амир Ханмен өткен жекпе-жек соңынан.

Айта кетейік, мексикалық Сауль Альварес WBC чемпиондық белбеуінің иегері. Ал Геннадий Головкин болса, сол атаққа басты үміткер боксшының бірі. WBC де «Канелоның» қазақстандық боксшымен жұдырықтасуын міндеттеп отыр. Алайда екі тарап әзірге келісімге келген жоқ.

О. Сансызбай