Чемпиондар лигасының жартылай финалдық жеребесі тартылды

О Сансызбай Корреспондент
Чемпиондар лигасының жартылай финалдық жеребесі тартылды
Фото ©️ uefa.com

Футболдан Еуропаның басты біріншілігі саналатын Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы ойындардың жеребесі тартылды. Салтанатты шара Швейцарияның Ньон қаласында өтті.

БӨЛІСУ

Жеребе қорытындысы бойынша ағылшындық «Манчестер Сити» мадридтік «Реалмен», ал мадридтік екінші клуб «Атлетико» мюнхендік «Баварияға» қарсы ойнайды. Бірінші ойындар 26-27 сәуірге, қарымта ойындар 3-4 мамырға жоспарланған.

Айта кетейік, 2015/2016 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 28 мамыр күні Миландағы "Сан-Сиро" стадионында өтеді.