• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Головкин-Лемье жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды

Головкин-Лемье жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды
Фото: http://ztb.kz/

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Давид Лемьеге 17 қазанда қарсы шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Twitter желісінде Головкиннің өзі хабарлап отыр. Батыстың ақпарат құралдары "мега және ұлы жекпе-жек" деп отырған кездесу Нью-Йорктегі Madison Square Garden спорт кешенінде өтеді, оны HBO телеарнасы таратады.

Геннадий Головкин - Давид Лемье кездесуінің афишасы

Жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин 33 рет жеңіске қол жеткізді, оның 30-ы нокаутпен аяқталды, ал Давид Лемьенің қоржынында 34 жеңіс, оның ішінде 31-і нокаутпен және екі жеңілісі бар.

М. Бисембаева
Logotype Massaget