Усейн Болт командасына жеңіс сыйлай алмады

О Сансызбай Корреспондент
Усейн Болт командасына жеңіс сыйлай алмады
Фото ©️ rsport.ru

Алты дүркін Олимпиада чемпионы атанған желаяқ Усейн Болт Кингстонда өткен маусымашар турнирде командасына көмектесе алмады. 4х100 қашықтықта эстафеталық жүгіруде танымал спортшының командасы Ямайка технологиялық университетінің командасынан жеңілді.

БӨЛІСУ

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының хабарлауынша, Усейн Болт соңғы болып сынға түскен. Ол қарсыластарынан 5 метр қалып қойған командаластарына көмектесе алмаған. Арақашықтықты қысқартқанымен, 2012 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Тикендо Трэйси Усейнге жеткізбеген. Танымал желаяқ командасының құрамында да осал спортшылар болмаған. Бірі – Ұлыбритания қауымдастығы ойындарында 100 метрге жүгіруде қола жүлдегер атанған Кемар Бэйли-Коул болса, екіншісі – 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының 200 метр қашықтықтағы қола жүлдегері – Уоррен Уэйр.

Усейн Болт командалық сында 8 жылдан кейін алғаш рет қарсыластарына есе жіберіп отыр. 2008 жылы спортшының командасы Цюрихтегі жүлде қоры жоғары турнирде жеңілген еді.

Айта кетейік, әлемдегі ең жылдам спортшы – Усейн Болт. Ол 2009 жылы Берлиндегі Еуропа чемпионатында сағатына 44,72 шақырымды құрайтын жылдамдықпен жүгірген. Сонымен қатар, алты дүркін Олимпиада, сегіз дүркін әлем чемпионы атанған. 100 метрлік қашықтықты 9,58 секундта, 200 метрді – 19,19 секундта жүгіріп өтіп, әлем рекордын орнатқан. Әзірге бұл көрсеткіштерді басып озар желаяқ табылар емес. 

Оқи отырыңыз

Әлемдегі ең жылдам футболшыларды білесіз бе?

Әйгілі Мэнни Пакьяо «Жаһан аруы – 2014» байқауына қазылық жасады

Берік Әбдірахманов APB чемпионы атағын қалай жеңіп алды? (видео)

Головкин келесі кездесуін Калифорнияда өткізеді