Ишида: "Головкинге қарсы өтетін жекпе-жекке толықтай дайынмын!"

Ишида: "Головкинге қарсы өтетін жекпе-жекке толықтай дайынмын!"

Бүгін, 18 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA бұрынғы уақытша чемпионы жапондық Нобухиро Ишида арасында болатын кездесуге орай баспасөз маслихаты болып өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Баспасөз маслихаты кезінде Ишида былай деп ағынан жарылды: "Мен Головкинді орта салмақтағы әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі деп білемін. Шындығында, ол ең мықты соққылардың иесі. Сондықтан да мен біз кездесетін рингте нағыз кескілескен соғыс болатынына сенімдімін. Мен Головкинге қарсы өтетін жекпе-жекке толықтай дайынмын! Жеңіліске ұшырау мәселесі болса, ол мүлдем менің ойыма кіріп шыққан емес".

Өз кезегінде Головкин де қарап қалған жоқ, былайша қысқаша қайтарды: "Мен Нобухироға үлкен құрметпен қараймын. Ол ең мықты қарсыластардың бірі. Оның Пол Уильямс пен Дмитрий Пирогке қарсы өткізген тамаша кездесулерінің өзі неге тұрады? Сондықтан бізден тек тартысты, қызықты жекпе-жек күтіңіздер".

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Ишида арасындағы кездесу 30-наурызда Монаконың Монте-Карло ауданында өтеді.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport.nur.kz 

Б. Қосмағамбет