Усейн Болт Лондонда жеңіл атлетика мейрамханасын ашатын болды

Усейн Болт Лондонда жеңіл атлетика мейрамханасын ашатын болды

Алты дүркін Олимпиада чемпионы, әлемдегі ең жылдам адам, ямайкалық желаяқ Усейн Болт спорт пен тағамды ұштастырмақ ниетте.

Нақтырақ айтсақ, ол жақын күндері Ұлыбритания астанасы Лондонда жеңіл атлетика мейрамханасын ашуды жоспарлап отыр. Осы мақсатпен Болт жақында ағылшын жеріне келіп, атақты аспазшы және тележүргізуші Гордон Рамзимен келіссөз жүргізбек.

3  

Усейн Болт өзінің жоспары жөнінде: "Мен дәмді асты да, спортты да өте қатты жақсы көремін. Сондықтан мен мейрамхана ашу мәселесімен Лондонға барып, әлемдегі ең мықты аспазшы Рамзимен ақылдасамын", - деді. 

Несі бар, Лондон қазіргі таңдағы туристер ең көп жиналатын қалалардың бірі болып отыр. Біз өз тарапымыздан уақыт өте келе, атақты атлеттің мейрамханасы қаланы тамашалауға келген қонақтар міндетті түрде тамақтанып кететін орынға айналатынына сенеміз.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: telegraph.co.uk, guardian.co.uk

Б. Қосмағамбет