Ақтаулық яхташылар Катар Кубогын жеңіп алды

Ақтаулық яхташылар Катар Кубогын жеңіп алды

Ақтаулық яхташылар Катар Кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды жергілікті "Лада" басылымы.

Бұл араб жерінде өткен жарыста 15 елден отыздан аса спортшылар өз өнерлерін көрсетті. Оның ішінде Ресей, Латвия, Қырғызстан, Бразилия және Сауд Арабиясы сияқты елдерден де яхташылар болды. Қазақстан атынан ақтаулық Әнуар Қалдықожаев пен Жансерік Қуанышев қатысқан еді.

Жарыс төрт күн бойы созылған. Біздің спортшылар осы аралықта яхтаны басқарудың шебер үлгісін көрсете білген. Қос жігітіміздің сөзіне қарағанда, олар осындай жоғары деңгейдегі жарыста бірінші мәрте топ жарып отырған көрінеді.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: nationalclass.ru

Б. Қосмағамбет