Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Грек-рим күресінің шығу тарихы

Грек-рим күресінің шығу тарихы

Грек-рим күресінің шығу тарихы

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Еуропа елдерінде грек–рим күресі пайда болды. Жекпе-жек Франция жерінен бастау алған. Сол кездегі жергілікті қала және ауыл тұрғындарының ынтасы күреске ауып, олар біртіндеп осы өнермен айналыса бастады. Грек-рим күресі бірден халықтың қызығушылығын арттыра бастады. Күшті саңлақтар көше циркында өнер көрсетті. Қалың жұрт жиналатын жерлерде белдесулер ұйымдастырылды. Кейін Франция қалаларының біріншілігі, біраздан соң әлем чемпионаттары өткізіле бастады. Белдесуден әлем чемпионатын жақсы деңгейде ұйымдастырып өткізу, кәсіпқой күрестің болашағына үлкен жол ашып, оның өсіп-өркендеуін жылдамдатты.

 Франция астанасы Парижде 1848 жылы алғаш рет кәсіпқой күресшілер белдесетін арена бой көтерді. Франция жеріне өзге де шет елдерден бәйгеге қатысу мақсатымен балуандар келе бастады. Немістер, түріктер, италияндықтар және орыстар әлем чемпионатына қатысып, жарыстың ережесін үйренді. Ақырында француз күресі әлемдік мәртебеге ие болып, өзге мемлекеттерге тарап кетеді. Францияның аты шығып, бүл күрес түрі халықтың сүйікті спорт түріне айналған. Әрине, күрес өнері дүниежүзінде әртүрлі бағытта дамыды. Бұл әр халықтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне байланысты болды. Еуропада француз күресі (грек–рим күресі) Азия елдері мен шығыста және Америкада еркін күрес жақсы дамыды.

Бірінші Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1896 жылы француз күресі енгізілді. Осы күреске Халықаралық Олимпиада комитеті «грек-рим» күресі деген ресми атау тағайындаған. Белдесудің бірінші кездесулерінде небәрі 5 саңлақ өнер көрсетті. Олар 4 мемлекеттің намысын қорғаған болатын. Екеуі Грециядан, Германия, Венгрия және Ұлыбританиядан бір бірден балуан қатысты. Осы бәйгеде балуандар салмақ дәрежелеріне бөлінбеді. Дәл сол уақыттан бастап (1900 және 1904) жылдардағы екі Олимпиаданы есепке алмағанда Олимпиада бағдарламасынан түскен жоқ.


 Кейін 1912 жылы (FILA) Халықаралық күрес түрлері федерациялары құрылып, әлемдегі ең үлкен және беделді спорттық ұйымдардың біріне айналды.

 Грек-рим күресі әр заманда жаңа атауға ие болған. Нағыз кәсіпқой күресшілер «француз күресі»  деп атаса, әуесқойлар «грек-рим» деп атады. Біздің елімізде 1948 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мен спорт комитеті спорттық күрес түрлеріне екі бірдей атауды бекітті. Француз немесе грек-рим күресі «классикалық» деп, ал «еркін-американдық» «еркін күрес» деген атауға ие болса, сол кезегі «еркін» күрес "самбо"- деген атауға ие болды. Нәтижесінде 1991 жылы «классикалық» күрестің атауы «грек-рим» болып өзгертілді.

Француз күресінде бәсекелесті белден жоғары қапсыра құшақтап, оны жығу керек. Аяқтан ұстауға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдануға болмайды. Еркін күрес тәсілінде балуан қарсыласының кез келген жерінен ұстап, әдіс орындауда еш шектелмейді. Бұған қоса, аяқтан ұстап алып,  шалып құлатуға  рұқсат.

Сурет nashaagasha.org сайтынан алынған

7415 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 12 қаңтар 2012, 13:42
Пікірлер
+0
16 қаңтар 2012, 11:01

Күрес Франция елінде пайда болды дейді? қызық

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...