Роналдудың кезекті рекорды тіркелді

Роналдудың кезекті рекорды тіркелді
Фото: SmotriSport.TV

Мадридтік «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рекордын тіркеді. Ол Еуропа чемпионаттарында бес маусым қатарынан 30 голдан артық нәтиже тіркеген алғашқы ойыншы атанып отыр.

Португалдық футболшының «Вильярреал» қақпасына пенальтиден соққан нәтижелі соққысы бұл маусымдағы 30-шы голын тіркеді. Ол осыған дейінгі Испания чемпионатындағы төрт маусымда, тиісінше 31, 34, 46 және 40 гол соққан болатын.

Криштиану Роналдумен қатар төрт маусым қатарынан 30-дан артық гол соққан ойыншылар санатында Дэйв Холлидей, Джимми Гривз және Лионель Месси бар еді.

«Корольдік клубтың» сұрмергені бір рекордтан бір рекордқа жақындап келеді. Роналду Испания чемпионаты тарихында ең көп пенальти орындаған ойыншылар тізімінде екінші орынға көтерілді. «Вильярреал» қақпасына соққан голы – 45-ші пенальтиі болып тіркелді. Дәл осындай көрсеткішті қазіргі «Саутгемптон» бапкері Роналдьд Куман да жас шағында көрсеткен болтаын. Ал бұл нәтиже бойынша рекордтық көрсеткіш Уго Санческе (56 гол) тиесілі.

Айта кетейік, Испания чемпионатының XXV тур қорытындысы бойынша «Реал» 61 ұпаймен көш бастап келеді. Ал басты қарсыластары – каталондық «Барселонада» 59 ұпай бар. Үштікті 54 ұпаймен екінші мадридтік клуб «Атлетико» қорытындылап тұр. 

Оқи отырыңыз

Чемпиондар лигасы. «Реал» «Баварияның» рекордын қайталады

Роналду 600-ші ойынында алаңнан қуылды (видео)

Криштиану қаңғыбастың образын сомдады (видео)

Испан басылымдары Роналдуға «қалыңдық» іздей бастады

О. Сансызбай