Роналду: «Мен бапкер болмаймын»

Роналду: «Мен бапкер болмаймын»

Мадридтік «Реал» мен Португалия ұлттық құрамасының футболшысы Криштиану Роналду испандық «Marca» басылымына берген сұқбатында спорттық мансабын аяқтағаннан кейін бапкер болмайтынын жеткізді.

- Мен спорттық мансабымды аяқтағаннан кейін не істейтінім туралы ойланған жоқпын. Бірақ бапкер болмайтыным анық. Бұл өте ауыр, әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Алайда бүкіл өмірімді футболға арнайтыным белгілі, – деді тілшілерге берген сұқбатында.

Қазіргі таңда 29 жастағы португалиялық футболшы командасымен Чемпиондар лигасының жартылай финалында кездесетін мюнхендік «Баварияға» қарсы дайындығын пысықтауда. Осыған дейін аздап жарақаты болған Роналду Хосеп Гвардиола шәкірттеріне қарсы ойнайды деп күтілуде. Сәрсенбі күні өтетін кездесуге ағылшын төрешісі Ховард Уэбб қазылық етеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

О. Сансызбай