"Астана" велокомандасы екі саты төмен сырғыды

"Астана" велокомандасы екі саты төмен сырғыды

Халықаралық велоспортшылар одағаның (UCI) жаңартылған тізімінде қазақстандық «Астана» велокомандасы 12-орынға табан тіреді.

Біздің команда наурыз айында ешқандай жарыстарда үздіктердің қатарында көрінбегендіктен, бүгінде екі саты төмен сырғыған. Ал командалық жалпы есепте үздік үштіктің қатары өзгермеген. Көш басында әлі күнге дейін британдық «Sky Procycling» клубы тұр. Екінші орында америкалық «Radioshack Leopard» ұжымы болса, ресейлік «Katusha» үздік үштікті қорытындылайды.

Жеке велошабандоздардың тізіміне келетін болсақ, «Астана» командасының үздік шабандозы ретінде Борут Бозич танылыпты. Дегенмен словениялық спортшы өткен аймен салыстырғанда, төрт орын төмен сырғыған. Ол бүгінде рейтингтің 31-сатысында.

Ұлттық құрамалардың тізімінде де Қазақстанның жағдайы мәз емес. Біздің құрама 25-орында. Бұл көрсеткіш бойынша, тізгін 481 ұпай жинаған Испания құрамасында. Екінші орында – Бельгия. Үшінші орында – Швейцария құрамасы.

UCI рейтингінің жаңартылған нұсқасы. Жекелей көрсеткіш: 

1. Фабиан Канчеллара (Radioshack Leopard) - 351 ұпай
2. Петер Саган (Cannondale Procycling) - 312
3. Ричи Порте (Sky Procycling) - 200
...31. Борут Бозич (Astana Pro Team) - 61
72. Энрико Гаспаротто (Astana Pro Team) - 7
84. Франческо Гавацци (Astana Pro Team) - 5
91. Максим Иглинский (Astana Pro Team) - 4
97. Валерио Аньоли (Astana Pro Team) - 4
106. Якоб Фульсанг (Astana Pro Team) - 1
107. Симоне Понци (Astana Pro Team) - 1

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН