Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Қазақстан 2013 жылды жеңіспен бастады

Қазақстан 2013 жылды жеңіспен бастады

Қазақстан 2013 жылды жеңіспен бастады

Түркияның Кунду қаласында Молдавамен өткен жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы 3-1 есебімен жеңіске жетті.

Бауыржан Жолшиев пен Танат Нөсербаев шабуыл шебінде бірінші минуттардан ойқастаса, оларға пас жеткізудің қара жұмысында Мақсат Байжанов, Ұлан Қонысбаев, Қайрат Нұрдәулетов, Марат Хайруллин төрттігі қажырлы еңбек атқарды. Және Сидельников қорғаған қақпаның қорғаныс бөлігінде Марк Гурман, Александр Киров, Юрий Логвиненко мен Виктор Дмитриенко есімді тас қамал қорғаушылар өнер көрсетті. 

Бірінші таймның орта тұсында, 33 минутта Ұлан Қонысбаев Дмитренкоға ұрымтал тұстан пас шығарып беріп, нәтижесінде Сергей Пащенко қорғаған қақпаға бірінші гол кірді. Одан кейін де сәт сайын өткір шабуылға шыққан отандастарымыз мүмкіндіктерді жіберіп алып жатты. Соған қарамастан ойынның екінші бөлігінде Бауыржан Жолшиев есепті еселей түсуге мүмкіндік алды. Бір айта кетерлігі, бұл жолы да әдемі пас шығарып берген Ұлан болатын. 

Молдовалықтар 83 минутта біз жақтың қақпасынан саңылау таба алды. Анатолий Дорош өзіне келген мүмкіндікті мүлт жібермеді. Араға жеті минутты салып барып, Бауыржан Жолшиев арадағы айырманы үш допқа дейін жеткізді.


Қазақстан – Молдова – 3:1 (1:0)

Голдар: Дмитренко 33 (1:0), Жолшиев 59 (2:0), Дорош 83 (2:1), Жолшиев 90 (3:1)

Қазақстан: Сидельников (Мокин 46), Киров, Логвиненко, Гурман, Нұрдәулетов, Дмитренко, Хайруллин (Көкеев 78), М.

Байжанов (Шахметов 67), Нөсербаев (Остапенко 55), Қонысбаев (Т. Байжанов 85), Жолшиев.

Молдова: С. Пащенко, Головатенко, Раков, Иванов, Епуряну, А. Пащенко, Гацкан, Пикущак, Булгару, Суворов, Дедов.

сурет:sportsarap.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

1227 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 07 ақпан 2013, 14:46
Пікірлер
+0
07 ақпан 2013, 14:32

Мәләдестер жігіт болайын болайын деп қалдыңдар :D

+0
07 ақпан 2013, 14:35

Қыздар! жұмыс жасау керек , жасау керек...........................................

+0
07 ақпан 2013, 15:17

Жарайсыңдар

+0
07 ақпан 2013, 15:32

Құдай-ау беттеріңнен нететіндей жағдайға кеп қапсыңдар ғой!!! Сол "нетудің" не екенін финалда білетін боласыңдар!

+0
07 ақпан 2013, 17:33

Бәсе)

+0
07 ақпан 2013, 20:48

енді жеңіске жете беріңдер

+0
08 ақпан 2013, 23:33

әліде жұмыс істеу керек

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...