"Барыс" хоккей клубы "Локомотивті" тізе бүктірді

"Барыс" хоккей клубы "Локомотивті" тізе бүктірді

Астаналық "Барыс" клубы өз айдынында Құрлықаралық хоккей лигасы аясында өткен матчта біріншілік үздіктерінің бірі ярославтық "Локомотивті" тізе бүктірді, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Бұл Елордалық клубтың қатарынан жеңіп отырған жетінші кездесуі. Ойынның тоғызыншы минутында Дмитрий Уппер есеп ашып, қазақстандық клубты есепте алға шығарса, екінші жиырма минутта Вадим Краснослободцев есепті еселеді. Ойынның үшінші кезеңінде "Барыс" қарсыластың барлық шабуылдарын тойтара білді. Нәтижесінде матч 2:0 есебімен аяқталып, "Барыс" жеңісіне жетті.

30 желтоқсанда "Барыс" Төменгі Новгород қаласының "Торпедо" клубын қабылдайды.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

 


Б. Қосмағамбет