Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Қазақ боксының тарихы

Қазақ боксының тарихы

Қазақ боксының тарихы

Бұрынғы КСРО мемлекеттерінде бокстың әуесқой түрі кеңес өкіметіметімен бірге дамыған. Азаматтық соғыс кезінде Лениннің бастамасымен  «шет ел интервенциясына қарсы күрес жүргізу мақсатында, жалпыға ортақ соғыс амалдарын үйрету» декретіне қол қойылып, бүкіл халықты дене шынықтыруға баулу жұмыстары қарқынды түрде қолға алынған. Коммунисттер партиясының көсбасшысы бұл жұмысқа көп көңіл бөлген. Ленин қарапайым халықты дене шынықтыру жұмыстарына баулу процесін соцалистік қоғам құрудың негізгі амалы деп түсінді. Сөйтіп 1919 жылы П.Никифоров пен В. Самойлов халыққа бокс өнерін үйретуді бастаған. Ал 1920 жылы осындай бірнеше үйірме қосылып, әскери медициналық академия қабырғаларында бокс бөлек дене шынықтыру бөлімі ретінде қалыптасқан. Бокс бөлек дене шынықтыру пәні ретінде оқу бағдарламасына енген. Осылайша, боксшылардың қатары ұлғайып, талас-тартыстар мен жарыстардың саны күн санап өскен. Сол жылы бокс Предолимпиадаға еніп, Петроградта апта сайын «дүйсенбілік бокс кездесулері» ұйымдастырылған. Мәскеу, Ленинград, Самара, Ростов, Харьков, Одесса, Севастополь қалаларында ұйымдастырылған қалааралық жарыстарда былғары қолғап шеберлері бақ сынасып, әрқайсысы бокстың дамуына өз үлестерін қосқан. Алғаш рет Қызыл Армия біріншілігі ұйымдастырылған. 1928-1930 жылдар аралығында бокс Кавказ бен  Орталық Азия мемлекеттерінде қарқынды дамыған.

Қазақ жерінде бокстың дамуы өз бастауын өткен ғасырдың 30 жылдарында алған. Бұл шайқас өнерінің даму орталығы ретінде Алматы қаласы танылды. Алматыда алғашқы бокс үйірмесі «Темп» спорттық қоғамдастық негізініде құрылған. Кейін келе ағылшындардың жұдырық шайқасы еліміздің «Динамо», «Спартак», «Медик» пен Қарағандыдағы - «Угольщик» спорттық қоғамдастықтарда өз табынушыларын тапқан.

Ал 1937 жылы қазақ боксының негізін салушы, спорт шебері атағын иемденген Шоқыр Бөлтекұлының бастамасымен Алматыда жеке-топтық біріншілік ұйымдастырылып, аталған жиынға 4 спорт қоғамдастықтан 50 жуық былғары қолғап шеберлері қатысқан. Осы чемпионат бокстың  дамуына түрткі болып, еліміздің басқа да өңірлерінде спорттық үйірмелер көптеп бой көтере бастаған. Сұрапыл соғыс та спорттық ортамызға зиян келтірген. Соғыстың алғашқы күндерінен ақ боксшыларымыздың көбісі майданға аттанып, ерлік пен батылдық танытқан. Өкінішке орай, олардың көбісі шаршы алаңға қайтып келмеді.

Шоқыр Бөлтекұлы

Қазақ жеріндегі бокстың дамуы соғыстан кейін қайта жанданды. Жұдырық шайқасындағы негізгі  даму бағыты 1946 жылы басталып, ҚазССР мен Орталық Азия мемлекеттерінде түрлі біріншіліктер мен жарыстар көптеп ұйымдастырылған. Бокс Қазақстанның көптеген қалаларында дами бастаған. Ш. Бөлтекұлы, Г. Кирнштейн, М. Хайрутдинов, Д. Муллаев А. Инфланда тағы да басқа спорт шеберлері мен жаттықтырушылар аянбай еңбек етіп, қазақ боксының негізін қалауына үлес қосқан. 1947 жылы алғаш рет КСРО-ның жеке-топтық біріншілігі ұйымдастырылып, аталған шараға бүкіл Кеңес Одағының құрамына енген мемлекеттерден келген спортшылар қолғап түйістірген. Бұл чемпионатқа біздің де саңлақтар аттанған болатын. Жарыс төрт салмақ дәреже бойынша ұйымдастырылып, чемпионаттың қорытындысы бойынша алматылық Махмут Омаров 51 келіге дейінгі дәрежеде қола медальға қол жеткізген. Геннадий Рожков (63,4 кг) 1953 жылы ұйымдастырылған КСРО чемпионатының финалисті атанып, Бухарестте өткен халықаралық студенттік ойындарында қола медальді қоржынына салған. Осылайша, Геннадий Рожков шет елде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық боксшысы атанды.

Ұзақ уақыт бойы қазақ боксшылары КСРО біріншіліктерінде үздік нәтиже көрсете алмай, күміс пен қола алқаларын қанағат тұтқан болатын. Көп күткен алтын қазақ жеріне де бұйырды. 1959 жылы алматылық Анатолий Кадетов (81 кг дейін) КСРО чемпионы атанып, жеңіс тұғырына көтерілген. 1992 жылға дейінгі КСРО мен ТМД чемпионаттарында Қазақстанның боксшылары 167 медаль еншілеген (36 алтын, 44 күміс пен 77 қола). Бұл 17 федерациясы бар бүкілодақтастықтағы бесінші нәтиже. Әлемнің алты чемпионатына қатысқан қазақ боксшылары қоржындарына екі алтын, екі күміс медаль салған. Олимпиада ойындарында біздің боксшылар ортақ қоржынға бір қола мен үш күміс медаль салған. КСРО бокс тарихындағы мына саңлақтардың есімдері жадымызда мәңгі сақталады. Атап айтқанда, Валерий Рачков – 1978 жылдың әлем чемпионы, Игорь Ружников – 1989 жылдың Еуропа мен әлем чемпионы, Серік Қонақбаев – Еуропаның екі дүркін чемпионы, әлем Кубогі иегері мен 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының финалисті. Осы спортшылар КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері мен тағы басқа жоғары атақтарға ие. 1989 жылғы әлем чемпионатының финалисті Александр Мирошниченко 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындарында КСРО қоржынына соңғы қола медальді салған болатын.

Өткен ғасырдың 90-жылдарында Кеңес үкіметі құлдыраған болатын. КСРО құрамына енген мемлекеттер тәуелсіздіктерін алып, жаңа саясат пен жаңа боксшыларға бейімделу керек еді. Осылайша 1992 жылы Қазақстан Республикасының әуесқой бокс Федерациясы АИБА-ға мүше ретінде еніп, Азия құрлығындағы әуесқой ассоциациясының толыққанды мүшесіне айналған. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы алғаш рет 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Жарыстың қорытындысы бойынша біздің саңлақтар бір алтын, бір күміс, екі қола медаль еншіледі. Бейресми топтық сынақта біздің команда үшінші орынды еншілеп, Америка мен Куба мемлекеттеріне қарағанда босаңдық танытты. 1996 жылғы ойындарда Василий Жиров бұрын -сонды болмаған нәтиже көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, құрметті сый - Вал Баркер Кубогін жеңіп алды. Олимпиада ойындарының тарихында бұл сыйлыққа тек 8 спортшы ғана қол жеткізген болатын. 1996 жылғы Олимпиада ойындарында Болат Жұмаділов күміс, Болат Ниязымбетов пен Ермахан Ыбырайымов қола медаль еншілеген.

Ермахан Ыбырайымов

Төрт жылдан кейін біздің спортшылар Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында бұдан да жақсы көрсеткіштерге ие болған. Қазақ жеріне алтын медальді құрамамыздағы ең жас спортшы Бекзат Саттарханов әкелген. Бекзат сонда 20-да еді. Ермахан ағамыз жүзден жүйрік атанып, жеңіс тұғырынана көрінсе, Б. Жұмаділов Атлантадағы көрсеткішін қайталаған болатын. Ал ауыр салмақтағы Мұхтархан Ділдәбеков Сиднейдегі Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілген. Греция жерінде өткен Олимпиада ойындарында да біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, еліміздің намысын қорғаған болатын. Тараз қаласында дүниеге келген Бахтияр Артаев Олимпиада ойындарында алтын медальді еншілеп, бокс тарихындағы ең құрметті сый - Вал Баркер Кубогіне қол жеткізген екінші қазақ боксшысы. Қарағандылық Геннадий Головкин күміс алқа тағынса, Серік Елеуов қола медальді қанағат тұтты. 2008 жылы Пекинде ұйымдастырылған Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақыт Сәрсекбаев алтынға қол жеткізсе, 81 келіге дейінгі дәрежеде Шыналиев Еркебұлан қоланы қоржынына салған.

Осылайша қазақ боксының дамуы үлкен қарқын алып, былғары қолғап шеберлеріміз барша халқымызды өз жеңістерімен қуантып жүр. Ендігі боксшыларымыздың мақсаты – 2012 жылы Лондон қаласында өтетін Олимпиада ойындарында бұдан да көп белестерді бағындыру болып табылады. Былғары қолғап шеберлеріне тек сәттілік тілейміз.

 Сурет alashainasy.kz, www.megatorrents.org, www.lenta.kz сайттарынан алынған

9942 3
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 23 желтоқсан 2011, 15:37
Пікірлер
+0
06 қаңтар 2012, 17:53

жақсы ақпарат екен! жігіттерге барлық категория бойынша лицензия ұтып, Лондонда тек жеңіске жетсін деп тілейміз! алайда, соңғы кездері басқа елдердің боксшылары да күшейіп келе жатыр - өте қиын болады. Қателеспесем, қыздардың боксы да Лондонда қосылу керек )))

+0
06 қаңтар 2012, 17:56

құрамамызды қолдайық бірге!!

+0
20 қаңтар 2012, 01:28

менің ойымша қазақ бокысшылары кейінгі кездері коп аксап жүр.. бұл ненін әсері деп ойлайсындар ағайындар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...