Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Арландар америкалықтармен кездесуге тас-түйін дайын

Арландар америкалықтармен кездесуге тас-түйін дайын

Арландар америкалықтармен кездесуге тас-түйін дайын

23 қараша күні Астананың «Дәулет» спорт кешенінде өтетін «Astana Arlans» пен «USA Knockouts» арасындағы жекпе-жекке қатысатын былғары қолғап шеберлерінің есімдері белгілі болды. Осы уақытқа дейін қос ұжым бір-бір кездесулерден өткізген болатын. Біздің былғары қолғап шеберлеріміз түзде «Украина атамандарын» 3-2 есебімен жеңсе, ал америкалық клуб өз жерлерінде британдық «British Leonhearts» командасын 4-1 есебімен тас-талқан еткен болатын. Сонымен алдағы жұма күні қос команданың тарапынан рингке шығатын былғары қолғап шеберлерімен таныс болыңыздар.

54 келі
Бағдад Әлембеков vs Джои Грегори Перес
«Арландар» сапында жеңіл салмақта бокссүйер қауымға жақсы таныс Бағдад Әлембеков шаршы алаңға шығады. Ол астаналық команда сапында WSB жүесінің алғашқы маусымында екі мәрте рингке шыққан. Екі кездесуінің бірінде жеңіске жетсе, бірінде қарсыласынан айласын асыра алмаған Бағдад жұма күні америкалық Джои Грегори Переспен жұдырық түйістіреді. Джои Грегори бұл кездесуде WSB сериясының аясында алғашқы рет өзінің күшін сынап көрмек.

61 келі
Самат Башенов vs Анвар Юнусов
 

61 келі салмақта біз бұл кездесуде «Арландардың» су жаңа капитаны Самат Башеновтың өнерін тамашалайтын боламыз. Бапкерлердің айтуынша, Самат алдағы кездесуге тас-түйін дайын. Жалпы қос команданың арасындағы кездесуде ең қызықты жекпе-жек осы болуы керек. Өйткені, Саматтың қарсыласы Анвар Юнусов қазіргі таңда Тәжікстан елінің ең мықты боксшысы болып саналады. Ол екі бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан. Әлем біріншілігінің жартылай финалына дейін жеткен. Сонымен қатар Азия чемпионы деген атағы да бар. Былтырғы маусымда тәжік жігіті мәскеулік «Динамо Мәскеу» сапында өнер көрсеткен. WSB сериясында бес кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңілістің кермек дәмін тартқан.
73 келі
Мирас Байырханов vs Кларенс Джозеф

Бұл салмақта «Дәулет» спорт кешенінің рингіне «Арландар» сапынан Мирас Байырханов шықса, америкалықтардың қатарынан Кларенс Джозеф шығады. Мирас WSB сериясында былтыр өнер көрсеткен. Ал оның 30 жасар америкалық қарсыласы бұл додада алғашқы рет өзінің бағын сынауда.
85 келі
Хрвое Сеп vs Марко Калич

85 келі салмақта бізді хорват жігіттерінің жекпе-жегі күтіп тұр. Елордалық команданың намысын бұл салмақта 2011 жылғы Еуропа біріншілігінің жүлдегері, WSB cериясында үшінші маусымын өткізгелі жатқан Хрвое Сеп қорғайды. Бірінші маусымда Хрвое өз салмағының үшінші нөмірлі боксшысы болған. Екінші маусымында жарақатына байланысты мүлде аз кездесу өткізген Хрвое Сеп қайтсем де бұл жылы өз салмағымда бірінші нөмірлі спортшы боламын деп отыр. Хрвое Сепке қарсы америкалықтардың сапынан өзінің отандасы Марко Калич шығатын болады. Калич былтырғы маусымда үндістандық «Venky’s Mumbai Fighters» командасының намысын қорғаған. Ол WSB сериясында үш кездесу өткізіп, екеуінде жеңіліс тапқан.

+91 келі
Руслан Мырсатаев vs Иштван Бернадт

Мамандардың айтуынша, жұма күні өтетін жекпе-жектердің ішіндегі бұл кездесу де қызықты болу керек. Аса ауыр салмақта «Астана Арландарының» атынан шаршы алаңға Руслан Мырсатаев шығады. Оған қарсы америкалықтардың Венгриядан келген легионері Иштван Бернадт қарсы тұрады. Бұл венгриялық жігіт өткен екі маусымда да Русланның командаласы болған. Бірақ, үшінші маусым басталар алдындағы трансферлік ауысымда Иштван америкалық командада өзінің спорттық мансабын жалғастыруды жөн көрген екен. Сондықтан ескі таныстардың арасындағы кездесу аса тартысты болуы керек!

«Астана Арланс» Астанаға 21 қараша күні Алматыдағы оқу-жаттығу базасынан аттанады. Қос команда арасындағы кездесу 23 қараша күні сағат 20.00-де «Дәулет» спорт кешенінде өтетін болады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: worldseriesboxing.com

1215 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 19 қараша 2012, 17:38
Пікірлер
+0
19 қараша 2012, 17:07

ал сәттілік!!!

+0
19 қараша 2012, 17:20

сәттілік

+0
20 қараша 2012, 12:02

сәттілік, папама жақсы болды тв көруге сылтау

+0
20 қараша 2012, 19:04

алдағы маусымдардағы арландар биыл бәрі шиебөріге айналып кеткен екен ау.қайдан келген қасқырлар бұлар аттарына адамның тілі келмейді. :lol: ала добымызды айналдырып қоймай жүрген жат жұрттықтар қолғабымызды да шешіп алған ба???не болсада жолдары болсын!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...