Үздіктердің үздігі. ТМД киберспорт командаларының рейтингі

Үздіктердің үздігі. ТМД киберспорт командаларының рейтингі
Фото: htlv.org

Соңғы уақытта қарқынды дамып келе жатқан спорттың бір түрі - киберспорт. Жаһанда миллиондаған аудиториясы бар, коммерциялық тұрғыда өте әлеуетті бұл спорт түрі ақыл-ой мен ұшқырлықты қажет етеді. Болашақта олимпиада ойындарының санатына қосылуы бек мүмкін.

Ең бірінші мұндай спорт түрінен сайысқа түсетін командалар "Doom 2" ойынымен бастаған. Ары қарай даму мақсатында ғаламторда жақсы істейтін "Quake" ойыны көпшілікке танымал бола бастады. 1997 жылы кеңінен тарала бастаған ойынның WCG, ESL деген бөлімдері де құрылды. Қазіргі таңда "Dota 2", Counter-Strike:Global Offensive және PlayerUnknown's Battleground ойындарының дәурені жүріп тұр. 

Елімізде он шақты киберспорт командалары құрылған. Басым бөлігі әуесқой, тек жергілікті жарыстарда бақтарын сынап жүр. Дегенмен де халықаралық турнирлерде топ жарып, әлемге танылып жүрген ұжымдарымыз да баршылық. Араларынан үздік шыққан ойыншыларымыз ТМД командалары арқылы әлемдік ұжымдарға шақырту алып жүр. Осыған байланысты, ТМД елдері арасындағы үздік 5 команданың рейтингін назарларыңызға ұсынамыз.

5. Winstrike Team

Құрылған жылы: 2018 

Жүлдесі: $384 483

Құрамы: Iceberg Богдан Василенко (Украина), Nongrata Алексей Васильев, Misha Михаил Агатов, қосалқы ойыншы yamich Даниял Лазебный, Silent Айрат Газиев (бәрі де - Ресей)

Киберспорт. Ермек пе әлде спорт па?

Бесінші орынға жақында құрылған, дегенмен болашағынан үлкен үміт күттіретін Winstrike Team командасы жайғасты. Қазірге дейін аталмыш ұжым Quantum Bellator Fire атауымен өнер көрсеткен. ELEAGUE Major: Boston 2018 турнирінде жақсы нәтижеге қол жеткізіп, «Аңыз» мәртебесіне ие болды. 

4. Vega squadron

Құрылған жылы: 2014 

Жүлдесі: $428 123

Құрамы: Maybe Next Time Веррос Апостолос, Madara Омар Дабасас (екеуі де - Грекия), KheZu Морис Гутман (Германия), Peksu Пету Ваатайнен (Финляндия)

2015 жылдан бастап өнер көрсетіп жүрген аталмыш команда орысша сөйлейтін ойыншылардан құралған еді. Бұрын соңды айтарлықтай жетістікке жетпеген ойыншылардың басы қосылғанда ТМД-да қарсылас шақ келтірмеді. Қатысқан жарыстарынан құр қол кетпейтін. 

3. AVANGAR

Құрылған жылы: 2017 жылы

Жүлдесі: $223 235

Құрамы: Buster Тимур Төлепов, KrizzeN  Айдын Тұрлыбеков fitch Бектияр Бахытов, Qikert Алексей Голубев (бәрі де - Қазақстан), Jame Али Джами (Ресей)

Киберспорттан ел намысын қорғап жүрген командалар

Үздік үштікті біздің AVANGAR командамыз ашты. Құрылғанына көп өтпесе де біраз жетістікке жетіп үлгерді. 2016 жылы Қазақстанда құрылған бұл ұйымда танымал Counter-Strike:Global Offensive және PlayerUnknown's Battleground ойындарынан сынға түсетін командалар бар. Бұл ұйымның жігіттері екі ойыннан да жақсы нәтижелерге жетті. CS:GO және PUBG құрамдары онлайн және LAN турнирларында, іріктеу жарыстарында алдыңғы қатарлардан көрініп жүр. Бір жарым жылда Avangar ТМД елдерінде - екінші, әлемдік рейтингіде 17-ші орынға көтерілді. Жақында  CIS Minor Championship — Katowice 2019 турнирінде жеңіске жетті. Финалда қарсыласы Winstrike Team командасын 2:1 есебімен жеңген AVANGAR 30 мың АҚШ доллары мен IEM — Katowice Major 2019 турниріне жолдаманы иеленді. Бұл жарыстың жүлде қоры - бір миллон АҚШ долларын құрамақ.

Бұл командада төрт қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Атап айтқанда: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев және Бектияр Бақытов. Ал команданың капитаны - ресейлік ойыншы Али Джами.


Құрылған жылы: 2016 жылы

Жүлдесі: $1 073 545

Құрамы: Dosia Михаил Столяров, mir Николай Битюков, Ax1Le Сергей Рыхторов (бәрі де - Ресей), bondik Владислав Нечипорчук (Украина), dimasick Дмитрий Матвиенко, mou Рустем Телепов (екеуі де - Қазақстан)
 
Gambit Esports - Ұлыбританияда орналасқан киберспортқа бағытталған ұйым. Бұл ұйымның Gambit.CIS атты еншілес командасы бар. Gambit Gaming ұйымының CS:GO командасы біраз жыл әлемнің үздіктері саналды. Құрамында Ресей мен Қазақстанның ең мықты деген ойыншылары жиналған. Осыдан үш жыл бұрын Gambit ұйымы Hellraisers командасының үш бірдей ойыншысымен келісімшартқа отырады. Атап айтқанда: Дәурен AdreN Қыстаубаев, Рүстем mou Телепов және Михаил Dosiа Столяров. Бұлардан бөлек команданы Дмитрий hooch Богданов пен Ян wayLander Рахконен толықтырды. Аталмыш бестік алғашқы турнирінде-ақ жеңіс тұғырынан көрінді. CIS Minor Championship — Columbus 2016 оффлайн-жарысында қарсылас шақ келтірмеген Gambit командасы чемпион атанады. Артынша команданы күшейту үшін тәжірибелі Абай HObbit Қасенов пен Даниил Zeus Тесленконы қатарына қосады. Дәл осы сәттен соң Gambit жарқын жеңістеріне қол жеткізді. Польшаның Краков қаласында өткен PGL Major Krakow 2017 әлем біріншілігінде күтпеген жерден Gambit командасы CS:GO ойынынан чемпион атанды. 

1. Natus Vincere

Құрылған жылы: 2010 жылы

Жүлдесі: $3 770 157

Құрамы: Crystallize Владислав Кристанек (Украина), MagicaL Идан Варданян (Израиль), Blizzy Евгений Ри (Қырғызстан), Chuvash Евгений Макаров SoNNeikO Акбар Бутаев (екеуі де - Ресей)

Қазақстандық киберспорт командасы әлем үздіктерінің қатарында 

Бүгінгі тізімнің көшіне NaVi командасы орналасты. ТМД-дың ең үздік командасы екеніне ешкімнің дауы болмас. Қатысқан жарыстарының басым бөлігінде топ жарып, әлемдік рейтингілердің көшін бастаған. 2010 жылы Counter-Strike 1.6 ойынынан халықаралық турнирлерде бақ сынап бастаған украиналық команда тарихта өз ісін қалдырып үлгерді. Бір жылда Intel Extreme Masters, Electronic Sports World Cup және World Cyber Games үш ірі турнирін ұтқан алғашқы команда атанды. 2011 жылы Dota 2 ойынынан The International 2011 турнирінде топ жарып, 1 миллон долларды иемденді.

Спорттың бұл ерекше түрі Қазақстанда, тіпті, әлемде болсын енді дамып келе жатыр. Көптеген қиыншылық пен кедергілерге қарамастан біздің елдің жігіттері әлемнің үздік командаларында сәтті өнер көрсетіп жүр. Ал отандық командалар түрлі турнирлерде топ жарып келеді.

Massaget