Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Кешегі күннің ең қызықты ойындарына шолу. Сау бол, Аллегри!

Кешегі күннің ең қызықты ойындарына шолу. Сау бол, Аллегри!

Кешегі күннің ең қызықты ойындарына шолу. Сау бол, Аллегри!

«Милан» командасы Удине жерінде жеңіліп, екі бірдей ойыншысынан айырылды. Сау бол, Аллегри! Осымен төрт турдың үш ойынында «Милан» командасы жеңіліске ұшырап отыр.

"Удинезе" (Удине) – "Милан" (Милан) – 2:1 (1:0) 

Голдар: Ранеги, 41 – 1:0, Эль-Шаарави, 55 – 1:1, Ди Натале (пенальтиден), 67 – 2:1. 

"Удинезе": Бркич, Бенатия, Данило, Кода, Паскуале, Аллан, Фараони (Баду, 63), Роберто Перейра, Пинци, Ди Натале (Фаббрини, 88), Ранеги. 

"Милан": Аббьяти, Мексес, Сапата, Месба, Абате, Монтоливо, Ночерино (Кркич, 80), Амброзини (Кевин-Принс Боатенг, 54), Паццини, Эль-Шаарави, Эмануэльсон (Ачерби, 71). 

Ескертулер: Пинци, 78, Кода, 81 – Амброзини, 41, Сапата, 65, Кевин-Принс Боатенг, 76. 

Қуылу: Сапата (екінші ескерту), 71, Кевин-Принс Боатенг (екінші ескерту), 82.

"Джузеппе Фриули" атындағы стадионда флоренциялық қазының (Джанлука Рокки) ысқырығынан соң, футбол спектаклі "россонерилердің" жазып келген сценарийлері бойынша өтіп жатты. Абата мен Месба қорғаныстың шеткі бөлігін мойындарына алса, орталықта Сапата мен Мексестің жұбы өнер көрсетті. Фриулиялықтар («Фараондар») қарап қалмастың керін келтіріп, сәт сайын болмаса да, қарсы қақпаны торуылға алып отырды. Ди Натале мен Ранеги жұбы орталықтың ойраның шығармаса да, ойдағыларын 41-минутта жүзеге асырды. Яғни екіншісі бірінші ойын соңының соңғы минуттарында Мексес жіберген қателікті жаза баспай, өз командаластарын алға шығарды.

Екінші ойын бөлігінде Аллегри баптаған шәкірттер есепті қалай тез теңестірсе, солай артынша басымдылықты алаң иелеріне беріп қойды. Эль-Шаарави соққан гол «ала құлан жолақтылардың» намысын қайрап, жігерін жани түскендей болды. 71-минутта Сапата екінші рет ескерту қағазына ие болып, нәтижесінде 11 метрлік айып добы берілді. Ди Натале дүйім жұртты жерге қаратпай, айып добын сауатты орындай алды - 2:1.

Сонымен «қара-қызылдардың» президенті Сильвио Берлускони осы ойын басталмас бұрын жеңіліс орын алған жағдайда Аллегри бапкерге астындағы тақтың шайқалып қалмасын ескерткен еді.

Англия чемпионатының 5-турында «Манчестер Сити» командасы «Арсеналмен» ұпай бөлісті - 1:1.

Стадион: "Этихад Стэдиум"

"Манчестер Сити": Харт, Сабалета, Компани, Лескотт, Клиши, Синклейр (Родвелл, 46), Гарсия, Сильва, Туре, Джеко (Тевес, 68), Агуэро (Балотелли, 85)

"Арсенал": Манноне, Дженкинсон, Мертесакер, Косельны, Гиббс, Диаби (Жиру, 71), Артета, Рэмзи, Касорла, Жервиньо (Коклен, 90), Подольски (Уолкотт, 72).

Голдар: 1:0 –40', Лескотт, 1:1 – 82' Косельни.

Екі команданың тарапынан орталық қорғаушылар көзге түсті. Алдымен Вито қорғаған қақпадан саңылау тапқан Джолеон Лескотт болса, ойынның бітуіне 10 минут қалғанда Лоран Косьелни көзге түсті.

Бесінші турдың қорытындысы бойынша, екі команданың еншісінде тоғыз ұпай және қоржындарында бірде-бір жеңіліс жоқ.

Англия чемпионатының 5-турында «Манчестер Юнайтед» пен "Ливерпуль" кездесті - 2:1.

"Ливерпуль": Рейна, Келли, Аггер, Шкртел, Джонсон, Шелви, Джеррард, Аллен, Стерлинг, Борини, Суарес. 

"Манчестер Юнайтед": Линдегаард, Эвра, Фердинанд, Эванс, Рафаэл, Нани, Гиггз, Кэррик, Кагава, Валенсия, Ван Перси. 

Ескертулер: Рейна, 77 – Скоулз, 58, Ван Перси, 84. 

Қуылу: Шелви, 39 

Голдар:С. Джеррард 46', Рафаэл 51', Р. Ван Перси 81

Алекс мырзаның шәкірттері бірінші ойын бөлігінде біліктілік таныта алмады. Есесіне «Ливерпуль» командасы өздерінің «Ливерпуль» болып келе жатқандарын айқын танытты.

Төрешінің төрелігі арқасында алаңнан Шелвидің қуылғанына қарамастан, мерсисайдтік жігіттер сауатты ойындары мен қалыпты көңіл-күйлерін жоғалта қоймады. Жоқты жамап үйренген білікті ұжым екінші таймның басында-ақ ойындағы есепті ашты. Стивен Джеррардтың тура соққысы қақпашыны қапыда қалдырды.

Одан кейінгі Рафаэлдің тамаша голы футбол спектаклінің көркін қыздыра түсті. Ван Перси мен Суарестердің табаны қызған ойында Джеррард пен Скоулздың да еңбегін айта кеткен жөн. Орталықта ойқастап өнер көрсеткен ескі мектеп өкілдері өз командаларын бар арман-тілектерімен алға сүйреді. Және қақпашылардың да қара баспай, қалт кетпей қатты соққыларды қайтара алғандығын қаперге алған дұрыс.

Тағы да ойынға келіп киліккен Хелси төреші қызыл қағазбен Джонсонды қуып, «қызыл айдаһарлардың» пайдасына айып добын белгіледі. Робин ван Персидің орындауындағы қатты соққы Рейнаның қолынан серпіліп барып, қақпа торына тоғытыла салды. Есеп:2:1.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

1565 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 24 қыркүйек 2012, 13:00
Пікірлер
+0
24 қыркүйек 2012, 11:43

Мынадай жазбадан соң, футбол көріп кетем-ау осы :roll: ;)

+0
24 қыркүйек 2012, 11:50

осы ойынды көремін деп жүремін, ұйықтап кетіппін :( Сау бол, Аллегри! ;)

+0
24 қыркүйек 2012, 12:09

Қызыл сойқандар лайықсыз жеңді. Тағыда сол төрешілердің көмегімен :evil:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...