Воскобоева "Ролан Гарростың" жартылай финалында

Воскобоева "Ролан Гарростың" жартылай финалында

Даниэль Брацциалимен жұпта ойнайтын қазақстандық теннисші Галина Воскобоева "Ролан Гарростың" микст дәрежесі бойынша жартылай финалында. 

Ширекфиналдық ойында казақстан-итальяндық дуэт еш қиындықсыз испандық Нуриа Вивес пен австриялық Оливер Марачты жеңді. Воскобоева мен Брацциали алғашқы сетте қарсыластарға тек бір гейм жеңіліп, 6:1 есебімен жеңіске етті. Екінші сет біріншіге қарағанда ұзағырақ болды дегенмен, қазақстан-итальяндық дуэт қарсыластарын 6:2 есебімен ойсыратты. 

Жартылай финалда қазақстандық теннисші мен оның жұбы Үндістан өкілдері - Санее Мирза мен Махеш Бхупатилермен кездеседі. 

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Воскобоева мен итальяндық теннисші аргентиналық жұппен кездескен болатын. Толығырақ

Сурет: thenews.kz

Ж. FM