Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / "Челси" Чемпиондар Лигасында алғаш рет жеңіске жетті! (Видео)

"Челси" Чемпиондар Лигасында алғаш рет жеңіске жетті! (Видео)

Мюнхен қаласының "Альянц-Арена" стадионында Чемпиондар Лигасының ақтық матчі болып өтті. Нәтижесінде жергілікті Бавария лондондық Челсиден айласын асыра алмай жеңіліс тапты. Ойынның жеңімпазы пенальти сериясынан кейін анықталды. Шешуші голды Дидье Дрогба салып, командаластарының бағын асырды.

 

Бавария 1:1 (пенальти - 3:4)
Челси
Мюллер, 83

Дрогба, 88

 

Бірінші таймда Баварияның басымдылығы көрер көзге көрініп-ақ тұрды. Челси тіпті шабуылға шығуға да жүрексініп жүргендей әсер қалдырған. Дегенмен мюнхендіктер бұл басымдылығын оңтайлы пайдаланып, нәтижелі шабуылдар ұйымдастыра алмады. Ұйымдастырмағаны былай тұрсын, қолда тұрған бірнеше мүмкіндіктен айырылып қалды. Алдымен Альен Роббен тамаша мүмкіндікті уысынан шығарып алса, кейінірек Томас Мюллер жақсы сәтті пайдаланып қақпаға допты оңтайлы бағыттай алмады. Марио Гомес те өз кезегінде алғырлығымен көзге түсе алмады. Осылайша, Бавария 8 рет бұрыштан доп бағыттап бақтарын сынаса да, күткен нәтиже орын алған жоқ. Челси бұл таймда бір де бір бұрыштама доп теппегенін айтып өтелік. 

а

"Альянц-Арена". Мюнхен

Үзілістен соң бірінші таймдағы атмосфера өзгере қойған жоқ. Бавария бұрынғыша алаңда бұландай бұлаңдап жүрді. Челсиліктер тыныш қана өз мүкіндіктерін күтіп жүргендей еді.

Ақыры не керек, ойынның 83-ші минутында Томас Мюллер мюнхендіктердің бағын асырып, Челси қақпасына допты тоғыта білді(1:0). Дегенмен 5 минут өткен соң ойындағы алғашқы бұрыштама добын бағыттаған лондондықтар таразы басын теңестірді (1:1). Гол авторы - Дидье Дрогба.

Қосымша уақытта неміс клубы ойын тізгінін уысынан шығара қойған жоқ. Дегенмен бұдан көзге көрінер пайда болмады. 95-ші минутта Франк Риберидің ереже бұзғандығы үшін Челси қақпасына пенальти тебілді. Допты тепкен Альен Роббен бұл жолы қапы қалды. 

Матчтан соң өткізілген пенальтиге Роббен қатысқан жоқ. Командаластары да қарық қылып, жеңісті қанжығасына байлай алмады. Төртінші және бесінші соққылар(Ивица Олич, Бастиан Швайнштайгер) Челси қақпасын есеңгірете алмады. Есесіне Дидье Дрогба мақсатына жетіп, жанкүйерлерінің жүрегін қуанышқа бөледі. Осылайша пенальти 4:3 есебімен лондондықтардың пайдасына шешілді.

Челсиді Чемпиондар Лигасындағы алғашқы ірі жетістігімен құттықтаймыз!


сурет: ru.oleole.com, expert-football.blogspot.com

1478 38
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 20 мамыр 2012, 04:06
Пікірлер
+0
20 мамыр 2012, 10:34

Видео не болган :cry:

+0
20 мамыр 2012, 14:08

Мәәә..... әділ емес қойй :(

+0
20 мамыр 2012, 14:56

маған ойын онша ұнамады, Барса жоқ болған соң ба?)))

+0
22 мамыр 2012, 10:06

Алдында Барсамен ойнадығой осы Челси, сол кезде ұнадыма???

+0
20 мамыр 2012, 21:59

Челси чемпиондықты өз күшімен алды, жарайсыңдар. Біліктілік пен таланттықтан , қажырлық пен қайсарлық әрдайым жоғары. 2012-2013 футбол маусымында Реал чемпион болады. ! HALA MADRIT і

+0
21 мамыр 2012, 09:03

Ааа??? Өз күшімен??? Ойбайоуу, олар бар құрамымен қорғанысқа жатып алып доп тепкізбегені әділдікпе??? Ана итальяндық Ди Матео ағылшынның классикалық нағыз жігіттерше ойнайтын ашық футболын жерге таптап, Баварияны ойнатпады, өздеріде ойнамады! Бұл футбол емес, бұл АНТИФУТБОЛ!!! :evil: :evil: :evil:

+0
21 мамыр 2012, 14:07

Сен Арғазым емес- ОРГАЗМ-сың ғой дим? :lol: :lol: :lol:

+0
20 мамыр 2012, 22:41

Челси жеңіске жетті! Бала арманым орындалды! Қуанышымда шек жоқ!!!!!!!!!!!

+0
21 мамыр 2012, 09:05

Жандарым сол Челси)))

+0
21 мамыр 2012, 10:26

Ел сүйетін Челси - Чемпиооон!

+0
21 мамыр 2012, 12:51

Ел Челсиді сүйеді?! не смеши мои тапочки :mrgreen:

+0
21 мамыр 2012, 13:02

тәпішкеңнің ішегі үзіліп қалса да сол)

+0
21 мамыр 2012, 14:14

братщке, елдің бәрі сен секілді ГЛОР деппен???

+0
21 мамыр 2012, 14:46

ол не Мырқеке?

+0
21 мамыр 2012, 14:51

жеңімпаз командаға ғана болеть ететін кидала фанат!

+0
21 мамыр 2012, 14:52

:D қайдан біліп қойдың? Түрімді туырлап, дауысымды реттеп нәрмәлни-ақ айтып ем.

+0
21 мамыр 2012, 23:02

Негізі футболдда көпті көрген, көреген, жасы келген жанкүйерлер немесе футболшылар осы қазіргі Челсидің ойынына қарап талып қалған шығар.... кәдімгі кезінде өзіміз қазақтың балдары құсап допты әйтеуір бір жерге тебе беру, пасты дурыс бермеу ваабщеее куып кеткен футболы челсидің..... О АЛЛА осындай команда сымақтарға қалай жақтас болдың а?!!!! :(

+0
22 мамыр 2012, 09:13

;) баяғыдан осы клубтың жанкүйері едім, 1. кілең жұлдыздар ойнайды 2. Ойындарынан сен айтқандай шалалық көрген емеспін 3. Расында чемпион болмаса Абрамович сатып алып па осы жолғы жеңісті?

+0
22 мамыр 2012, 09:50

1. Челси - топ клуб. Топ клубта жулдыздар ойнамаганда кім ойнайды?)))

2. Ойндарында шалалық жоқ. Ойыншыларына да ешқандай претензия жоқ. Бар күш-жігерлерін салып ойнады. Манчестерлер, Реал, Барсадан гөрі осыларға симпатиям артықтау. Өйткені осы уақытқа дейінгі поражениелерімен бір кубокты алуды заслужили! Бірақ дәл осы жолы, дәл осындай ойынмен емес! Кезінде дәл осы Лэмпард, Баллак, Дрогбалар ойнаған, жесткий, атакуюущий, ағылшынның классикалық, нағыз еркектерше ойнайтын футбол қайда кетті??? Бәрін итальяндық құртты! Победителей не судят дейді гой, бірақ бұл ойындары шынымен позор. Өткен заманның көптеген атақты футболшыларының комментарилерін оқып көр. Бұл футболдың ПОЗОРЫ деген!

3. Сатып алғанда емес маселе! Немістер сатпайды да! Былайша айтқанда, көктерге ФАРТАНУЛ!!!

+0
22 мамыр 2012, 09:53

:D сооонша жазғандағы тұжырымың: енді Чемпионнан ол атағын ала алмайсың! Біздің қазақ футболшыларнына кейде сол жетпей тұратын сияқты... Жеңісті күндерде жүздескенше!

+0
22 мамыр 2012, 09:56

ешкім ол атақты тартып алайын деп жатқан жоқ! тек ендігі тілек, басқа командалар осы АНТИФУТБОЛды уйреніп алып футболдың сәнін кетірмесе болғаны!

+0
22 мамыр 2012, 10:04

Сен сияқты адекват жанкүйерлер көбейсін!

+0
22 мамыр 2012, 10:05

:D жаным күйіп кетеді ғой менің... Футбол дегенде!

+0
22 мамыр 2012, 10:07

өзің күйіп кетпе әйтеуір!

+0
22 мамыр 2012, 23:49

Егер Европадағы барлық командалар Челсидің ойнау мәнеріне көшсе мен футболды жек көріп кетет шығармын :?

+0
21 мамыр 2012, 12:20

Массагет! Футболдан хабарларың жоқ болса неге осындай пост жазасыңдар???
Біріншіден Альен емес, Арьен Роббен! Білмим, көздеріңді шел басқанба, жоқ құлақтарың естімейма???
Екіншіден, пенальтиде Рибери ереже бұзған жоқ, Рибериге қарсы бұзып, сонын кесірінен жарақат алып қалды!
Аңқау елге арамза молда демекші, неге қалай болса солай жаза бересіңдер???

+0
21 мамыр 2012, 16:08

бұл ойынға рахмет айтам! Менің футболға деген махаббатымды ашты :D

+0
21 мамыр 2012, 16:13

бул футбол емес, антифутбол болды гой! Несі унады сонда???

+0
21 мамыр 2012, 16:15

қандай болса да, мен алғаш рет көрген соң, ұнады! Сыншы ретінде айтып отырғам жоқ

+0
21 мамыр 2012, 16:56

Онда бейтарап жанкуйер ретінде айтынызшы, қай команда мықты болды???

+0
21 мамыр 2012, 23:04

кубокты ұта салған Челси дегісі кеп тұрғы..... біліп тұрмын айтпай-ақ қойыңыз... :|

+0
22 мамыр 2012, 10:00

Оу Массагеттің САУАТСЫЗ админдері! Или материал қосқыштарма, кімсіңдер??? Кешегі мен айтқан қатені әлі түземепсіңдер! Қашан түзейсіңдер??? Неге сонша немқұрайлы қарайсыңдар???

+0
22 мамыр 2012, 16:11

Кубокты Бавария алу керек еді, бұл жерде Челсидің жолып болып кетті Челсидің ойыны ойын емес қой жатып алып ойнады ойнағасын алма кезек шабул жасап ойнамаған соң

+0
22 мамыр 2012, 16:13

Алайда Кубок Челсиде)

+0
22 мамыр 2012, 16:24

/Матчтан соң өткізілген пенальтиге/ мына жері қызық екен...Матч алдында пенальти тепкізгенін көрмеген едім)))
содан кейін Риберидің офсайдта қалып гол салғанын неге жазбағансыздар әлде мен оқи алмай қалдым ба?

+0
23 мамыр 2012, 09:49

Футболдан хабары жоқ челсидің глорлары гой жазған, бас қатырмаяқ қой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...