"Astana" UCI рейтингісінде 4-орынға көтерілді

"Astana" UCI рейтингісінде 4-орынға көтерілді

"Астана" велокомандасы UCI рейтингісі бойынша 4-орынға көтерілді. Бұл туралы sportlive.kz хабарлады. Бұл тізім классикалық "Льеж - Бастонь - Льеж" жарысынан кейін жарияланыпты. Естеріңізде болса, осы додада жерлесіміз Максим Иглинскийдің жеңімпаз атанғандығы туралы айтқан болатынбыз.

Қазақстандық команданың рейтингтің алдыңғы қатарына көтерілуіне себеп болған да осы Максимнің жеңісі болды. Сонымен қатар "Астаналық" Энрико Гаспароттоның 3-орыннан көрінуі де оң әсерін тигізді. Тізімнің басынанбельгиялық Omega Pharma Quickstep тобы орын алды.

Ал ұлттық рейтингте Қазақстан 13-ші болып көрінді. Бұл тізімде топ бастап отырған испандықтар екендігін айтып өтелік. Жеке спортшылардың рейтінгінде "Астана" құрамындағы итальяндық Энрико Гаспаротто 11-орынға табан тіресе, Максим Иглинский "Льеж - Бастонь - Льеждағы" -еңісінің арқасында тізімде 17-орынға тұрақтады.

23 сәуірге дейінгі нәтиже бойынша әлемдік рейтинг

Ер адамдар. Спортшылардың рейтингі:
1. Том Боонен (Бельгия, Omega Pharma Quickstep) - 366 ұпай;
2. Винченцо Нибали (Италия, Liquigas Cannondale) - 272;
3. Самуэль Санчес (Испания, Euskaltel-Euskadi) - 252;
...
11. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) - 150;
17. Максим Иглинский (Қазақстан, Astana Pro Team) - 100;
22. Роман Кройцигер (Чехия, Astana Pro Team) - 78;
23. Роберт Кисерловски (Хорватия, Astana Pro Team) - 74;
76. Яни Брайкович (Словения, Astana Pro Team) - 6;
79. Франческо Гавацци (Италия, Astana Pro Team) - 5.

Командалық рейтинг:
1. Omega Pharma Quickstep (Бельгия) - 547;
2. Liquigas Cannondale (Италия) - 516;
3. Katusha Team (Ресей) - 502;
4. Astana Pro Team (Қазақстан) - 408.

Ұлттық рейтинг:
1. Испания - 881;
2. Италия - 765;
3. Бельгия - 674;
...
13. Қазақстан - 100.

сурет: vesti.kz