Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Чемпиондар Лигасы. Ширек финал

Чемпиондар Лигасы. Ширек финал

Чемпиондар Лигасы. Ширек финал

Массагеттіктерді Еуропада өтіп жатқан Чемпиондар Лигасының жаңалықтарынан құлағдар етпекпіз. Кеше, яғни 28 наурыз күні 2 ширек финалдық ойынның өткендігі туралы білесіз. Бірі Милан мен Барселона арасындағы матч болса, бірі Олимпик пен Баварияның текетіресі. Бұл мақалада Милан мен Барселона арасындағы ойынға талдау жасап, ойынның жалпы ауанын назарларыңыздан өткіземіз. 

Милан - Барселона (0:0)

Ойын бастала салысымен, Миландықтар бірден шабуылға көшіп, өздерінің басымдылықтарын көрсетуге тырысты. Сол қарқынның соңы Робиньоның 11 метрлік қашықтықтың аймағынан соққы бағыттауымен аяқталды. 

Қонақтар болса, дайындықтарының біршама тәуір деңгейде екендігін көрсетіп, қарсы тұра білді. Ойынның 15-минутына дейін, Барселоналықтар 2 қауіпті айып соққысына ие болып, Миландықтарды біршама састырды. Алғашқы шабуыл Алексис Санчестің бағын жандыруға шақ қалған еді. Екінші болып Лионель Месси шеберлік көрсетіп, гол соғудың шақ алдында тұрды. Тіпті доп сызықтан өтіп, қақпаның ішінде болып үлгерген еді.  Бірақ төрешінің дер кезінде оффсайтты байқап, белгі бергендігінің арқасында, гол есептелген жоқ. Кейін Златан Ибрагимович пен Виктор Вальдес бірге-бір қалып ел жұртты алаңдатты. Дегенмен шведтік Форвард испандықтан айласын асыра білді. 

Екінші таймның қарқыны алғашқыдай болмады. Ойында ереже бұзушылық пен дөрекі текетірестер көп болды. 

Ойынның соңында Барселона құрамасынан алаңға Тельо шығып, есепті ашуға мол мүмкіндік алған еді. Бос тұрған қақпаға гол соғуына Лука Антонинидің дер кезіндегі әрекеті тосқауыл болды. 

Жауаптық матч бір аптадан соң, "Камп Ноуда" ойналады. 

"Милан": Аббьяти, Бонера, Мексес, Неста (Месба, 74), Антонини, Ночерино, Амброзини, Зеедорф, Боатенг (Эмануэльсон, 67), Ибрахимович, Робиньо (Эль Шаарави, 52) 
"Барселона": Вальдес, Дани Алвеш, Пике, Маскерано, Пуйоль, Бускетс, Хави, Кейта, Алексис Санчес (Педро, 77), Месси, Иньеста (Тельо, 65) 
Ескертулер: Зеедорф, Неста, Амброзини - Кейта

сурет: online-goal.com

1743 11
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 29 наурыз 2012, 15:10
Пікірлер
+0
29 наурыз 2012, 15:14

0-0 дейсің 8-)

+0
29 наурыз 2012, 15:20

Милан мен саған сенем!!!!

+0
29 наурыз 2012, 16:53

0:0. Барселонаның ойынында соңғы рет мұндай есеп 2009 жылдың қарашасында Қазанның Рубинімен болған ойында тіркелген еді!

+0
29 наурыз 2012, 17:39

Футболдың нағыз фанаты екенсің. Осындай бірдеңелерді қайдан тауып алып, білесің? :?

+0
29 наурыз 2012, 18:29

содан бері бақылап жүрім, қашан Барса нөлге ойнайд екен деп :mrgreen:

+0
30 наурыз 2012, 13:54

Осындай ең маңызды матчты жіберіп алғаным-ай :cry: :cry: :cry: :cry:

+0
30 наурыз 2012, 14:00

жыламаңыз, іш пыстырар матч болды, қызық ештеме жоқ! Қызықтың көкесі Камп Ноуда болатын сияқты, сол кезде ұйхтап қалмаңыз)))

+0
30 наурыз 2012, 14:00

Келер аптадағы жауапты матчты қараңыз!

+0
30 наурыз 2012, 14:02

ааа, 3 сәуірде өтетін ба? ол сағат қаншада болад?

+0
30 наурыз 2012, 14:06

рахмет :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...