Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Евгений Эвстафьев Азия біріншілігінің қола жүлдегері

Евгений Эвстафьев Азия біріншілігінің қола жүлдегері

Евгений Эвстафьев Азия біріншілігінің қола жүлдегері

Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль түсті.

Қола медальді қоржынымызға салған 85 келі салмақтағы спортшымыз Евгений Эвстафьев болды. Дегенмен, бапкерлер бұл салмақта жүлделі орындарға Ербол Мейірманов таласады деп жоспарлаған екен. Ал Евгенийді Ерболдың басты қарсыластарын ұту үшін тек тактикалық тұрғыда пайдалану керек болған. Өкінішке орай, жұлқа көтерудің үшінші мүмкіндігінде 160 келіні көтеру барысында Ербол оң қолын шығарып алды. Нәтижесінде ол жарысты жалғастыруға қауқары жетпеді.

Жалпы бұл салмақта 12 бірдей спортшы жарысты. Жеңіске үміткер ретінде Азияның екі дүркін чемпионы  ирандық Сураб Мордани қарастырылды. Ал біздің отандасымыз Евгений жұлқа көтеруде 156 келіні, серпе көтеруде 185 келіні басынан асырып, қоссайыс бойынша үшінші орынға тұрақтады. Алтын мен күмісті бұл салмақта жоғарыда айтқан ирандық Сураб Мордани мен Ирак елінің зілтеміршісі Аль-Джумаили Сафаа бөлісті.

Бұл спортшылардың арасындағы тартыста ирандық зілтемірші жеңімпаз болып шықты. Оның қоссайыс бойынша нәтижесі 358 келі. Қоссайыс бойынша 351 келіні басынан асырған Аль-Джумаили Сафаа Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Евгений Эвьстафьевтің қоласы Қазақстан құрамасының қоржынындағы екінші медаль. Бұған дейін 66 келі салмақтағы Фархад Харки біздің қоржынымызға күміс салған болатын.

«Бұл менің Халықаралық аренада алғашқы жарысым болды. Сондықтан аз-маз қобалжығаным да рас. Оның үстіне ұйымдастырушылар таблоны жөндей алмай кетті ғой. Сол аралықта мен өзімнің бабымнан шығып қалдым. Дегенмен, нәтижеге көңілім толады. Енді Қазандағы Универсиадаға дайындалатын боламын», - деді жарыс аяқталған соң Евгений Эвстафьев.

Астанадан: Уалихан Қосанбай

Сурет: Уалихан Қосанбай

553 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 24 маусым 2013, 16:35
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...