Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Сочи-2014 Олимпиадасының медальдары таныстырылды

Сочи-2014 Олимпиадасының медальдары таныстырылды

Сочи-2014 Олимпиадасының медальдары таныстырылды

Санкт-Петерборда өткен Халықаралық Олимпиада Комитетінің кезекті отырысында Сочиде 2014 жылы өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының медальдары таныстырылды. Жүлделерді конькимен жүгіру спортынан олимпиада чемпионы Светлана Журова көпшіліктің назарына ұсынды. 

Сонымен Сочи-2014 Олимпиада ойындарына арнап жасалған медальдардың салмағы оның түріне қарай 460-тан 531 граммға дейін болмақ. Бұл туралы "Сочи-2014" ұйымдастыру комитетінің басшысы Дмитрий Чернышенко хабарлады. 

1

Сочидегі Олимпиада ойындары кезінде спорттың 15 түрінен жалпы саны 98 жүлделер ойнатылады. 2014 жылғы Олимпиада ойындары спорттың көп түрі көрсетілетін шара болып отыр. Сондықтан да медаль саны рекордты - 1300 дана. Барлық медальдарды жасауға үш келі сап алтын жұмсалған екен. 

Журованың сөзінше Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындары кезінде ойнатылатын медальдарда Ресей дәстүрінің элементтері топтастырылған екен. "Спортшы үшін олимпиада медалі - өмір бойына жанында сақтайтын жәдігерге айналады. Оны сақтап қойып, бірнеше уақыттан соң алып қарағанда жеңісті сәтін есіне алатын болады. Мен жаңа медальға қарап отырып, спортшының оны кезінде Ресейде ұтып алғандығын бірден есіне салатынына кәміл сенемін. Бұл медальдағы оюлар мен кодтар орыс дәстүрінің негізінде жасалған. Мұнда мұз да, қар да, барлығы бар. Жеңімпаздар оған қарап, оны қайда ұтып алғандығын бірден түсінетін болады",-дейді Журова. 

2

Паралимпиада медалының артқы бетінде Брайль шрифтімен ойылып жасалған жазба бар. Пекин Олимпиадасының жеңімпазы Федор Триколичтің сөзінше, "бұл әдемі медаль Сочидегі Олимпиада ойындарына қатысушыларға үлкен сый болмақ". 

Естеріңізге салсақ, XXII қысқы Олимпиада ойындары Ресейдің Сочи қаласында 2014 жылдың 7-23 ақпан күндері аралығында өтпек. Ол аяқталысымен 7-16 наурыз күндері XI Паралимпиада ойындары болады.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: РИА Жаңалықтар



1673 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 30 мамыр 2013, 16:35
Пікірлер
+0
31 мамыр 2013, 13:39

нормм

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...