Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Мақала / Алтын алқасыз өткен тарихтағы тұңғыш Олимпиада

Алтын алқасыз өткен тарихтағы тұңғыш Олимпиада

Алтын алқасыз өткен тарихтағы тұңғыш Олимпиада

1894 жылы маусымда Парижде өткен халықаралық спорт мәжілісінің ұйғаруымен тұңғыш кезекті осызаман Олимпиада ойындары өткізу құқығын Грекияның Афина қаласы еншіледі.

Халықаралық Олимпиада спорт комитетінің тұңғыш кезекті төрағасы Деметриус Викелас шат хабарды Афинаға сүйіншілей жеткізіп, дүйім жұртты желпінтіп тастағанымен, тәуелсіздік соғысы аяқтаған 1839 жылдан бері Грекия экономикасы еш серпіле алмай, оған зіл батпан сыртқы қарыз қабатталғандықтан, бас уәзір Трикопес жылы қабақ танытқанның орнына Олимпиада ойындарын кешеуілдетіп өткізуді талап етті. Бұл Викеластың тұмсығы тасқа тигенмен бірдей еді.

Бұл хабарды құлағы шалған Кубертен екі өкпесін қолына алып, Парижден пойызға мініп Мастелге, одан кемеге отырып Афинаға тізгін ұшында жетті. Бірақ Афинаға табаны іліне бере, алдынан жүдеген жұрт, ел көшкендей ескі қала көлденеңдегенде, төбесінен біреу ұрғандай, көңілі құлази қалды. Мұндай қираған орында қайтадан спорт алаңын тұрғызу қомақты қаржысыз мүмкін емес еді. Кубертен қайсар кісі еді. Ол үмітсізденбей, Грекия ханзадасын іздеді. Грекия ханзадасы Константин – 26 жастағы мырза жігіт, спортқа өлердей құмар жан – Кубертенның лебізін жерде қалдырмай, Олимпиада ойындарының дайындық жұмысын түгелдей өз қолына алды. Сонымен, бас уәзір Трикопес міндетінен босауға мәжбүр болды. Кубертен мен ханзада Константинның қажымай құлшынуының арқасында Олимпиада ойындары өз уақытында өткізілді.

1986 жылы сәуірдің 6-сы асқақ классикалық музыканың тербеуінде Грекия патшасы Джорж І тұңғыш кезекті осызаман Олимпиада ойындарының басталғанын жариялап, сексен мың адамның алақай үні ішінде осызаман спорт тарихының ең сәулетті шымылдығын ашты. Бұл Олимпиада ойындарының бұрын-соңды жыл басына ең таяу мезгілде өтуі еді. Отағасы ел осы күнді Грекиядағы Түркия билігіне қарсы көтерілістің 75 жылдығын еске алу үшін таңдаған еді. Тұңғыш кезекті Олимпиада ойындарына Австралия, Австрия, Бұлғария, Англия, Венгрия, Германия, Дания, АҚШ, Франция, Чили, Швецария, Швеция және отағасы ел Грекия қатарлы 13 елден жалпы 311 спортшы қатысты. Грекия шақырған алпауыттардың қатарында Қытай елі де бар еді. Бірақ ол тұста Цин патшалығы Олимпиада дегеннің не екенін де білмейтіндіктен, үнсіз қалған-ды. Қытайдан басқа да талай ел бұл дүбірлі шараға қосындарын жіберген жоқ.

Жарыста жеңіл атлетика, суға жүзу, зілтемір көтеру, нысанаға ату, велоспорт, классикалық күрес, гимнастика, қылыш өнері және тор доп түрлерінен жарыс өтті. Басталу салты өткен алғашқы күні америкалық Жэмс Коннолли үш аттап алысқа секіруден 13,71 метрлік нәтижеге жетіп, осызаман Олимпиада ойындары тарихындағы тұңғыш жүлдені еншіледі. Афина Олимпиада ойындарының ең салтанатты, ең дабыралы жиын деп 10 сәуірдегі марафонша жүгіру жарысын айтқан жөн. Марафон жарысы аты аңызға айналған батыр Филиппидтің ізі қалған Афинадан Марафонға баратын жолда өтті. Жарысқа 4 елдің 17 спортшысы қатысты. Ол тұста Афинада небәрі 135 мың халық бар-ды. Алайда, Марафон жарысын тамашалауға келгендердің саны жүз мыңнан асатын еді. Нөпір жұрттан қара жер көрінбей қалды. Уақыт сәт санап өте берді. Мінбедегі жұрт жарыста кімнің бағы жанарын тағатсыздана күтіп отырды. Ашық көк түсті жейде киген грекиялық Спиридон Луис қара үзіп, ең алдымен алаңға енгенде, алақай үні аспан аясын кернеді. Жарыстың бас төрешісі Константин ханзада тебіренген сезімінің жалына жармасып, Спиридон Луисқа ілесе, көмбеге қарай жүгірді. Патша Джорж І-де мінбеден етекке түсіп, жеңімпаз қаһарманның алдынан шықты. Буда-буда гүл шоғы, сансыз тарту-таралғы Луистың құшағын толтырып, етегін басты. Әлем-жәлем безендірілген топ-топ көгершіндер әуеде еркін самғады. Ағылған жұрт Луистың аяғын жерге тигізбей, қаумалап әкетті. Қызынған әлдекім «Луис минстр болсын!» деп айғайлап та жіберді. Бұл Грекияның жаңа атлетика түрі бойынша алған тұңғыш алтын алқасы еді. Луис 1940 жылы дүниеден озды. Жұрт оны мәңгі есте сақтау үшін қабірінің басына Олимпиада шығырығының белгісін орнатты.

15 сәуірде тұңғыш кезекті Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. АҚШ, Грекия, Германия алтын алқа саны жағынан алдыңғы үш орында тұрды.  Ойынның салтанатты жабылу рәсімінде Джорж І сыйлық лауреаттарына алқа тақты. Бірақ бұл жолғы Олимпиада ойындарында алтын алқа болмады. Отағасы ел алтынды құмар тектес ойындармен ілік-шатысы бар деп қарағандықтан, күміс, мыс алқалар ғана таратты. Бас жүлде иегерлеріне күміс алқа мен зәйтүн шеңбері берілді, алқаның оң бетіне жеңіс белгісі ретінде Зевстың алтын шар көтерген суреті, теріс бетіне «Афина, 1986 жыл, Олимпиада ойындары» деген жазу басылды. Жүлдегерлерге мыс алқа мен гүлден тәж кигізілді. Джорж І мұнан кейінгі Олимпиада спорт ойындарын Грекияда тұрақты өткізуді талап еткенімен, халықаралық Олимпиада комитеті оған рұқсат бермеді.

 

Авторы: Сұңқар Ақбоз

Сурет: liveinternet.ru

2474 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 22 мамыр 2013, 14:43
Пікірлер
+0
22 мамыр 2013, 17:25

қызық ақпарат екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...