Жеңіс триосы. Диас, Путинцева және Шведова

Жеңіс триосы. Диас, Путинцева және Шведова

Сәрсенбінің сәтті күні қазақстандық теннисшілер үшін нәтижелі күн болды. Кортқа шыққан 3 теннисшіміз өздері қатысқан жарыста жеңіске жетіп, жанкүйер қауымды қуанышқа бөледі.

Қытай жерінде өтіп жатқан жарыста Зарина Диас жүлде қоры 50 000 АҚШ долларын құрайтын қыздар арасындағы бәсекеде ширек финалға жолдама алды. Зарина қытайлық теннисші Ю – Фан Ксюді 7 6, 6 2 есебімен ұтты. Енді қазақ қызы жартылай финалға жолдама алу үшін қытайлық теннисші Юксадан Джантпен кортқа шығады.

Қазақстандық тағы бір теннисшіміз Юлия Путинцева Мороккодағы жарыстың бірінші айналымында сәтті өнер көрсете білді. Оның қарсыласы француздық Матильда Юханссон Юлияға 6 3, 6 4 есебімен есе жіберді. Келесі қарсылас Федерация Кубогында қазақстандық теннисші қыздарды жарыстан шығарған Франция ұлттық құрамасының өкілі Кристина Гладенович болмақ.

Германияның Штутгарт қаласында өткен жарыста италиялық теннисші Роберто Винчиді 6 4, 6 2 есебімен жеңу арқылы Ярослава Шведова қос теннисшіміздің ерлігін қайталады. Ширек финалға жолдама алу үшін біздің теннисшімізге испандық Карлос Суарес Новарроны айналып өту керек. 

сурет: vesti.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига