Дэвид Бекхэм ПСЖ клубында келесі жылы да өнер көрсетпек

Дэвид Бекхэм ПСЖ клубында келесі жылы да өнер көрсетпек

Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы Дэвид Бекхэм Францияның "Пари Сен-Жермен" клубында тағы да бір маусым тер төгетін болады. Бұл туралы париждік клубтың спорттық директоры Леонардо мәлімдеді. 

Францияның L'Equipe басылымы оның сөзін былайша келтірді: "Ол клуб қатарында қалады. Бұл шешілген мәселе. Бекхэм клубқа өзінің тәжірибесі мен шеберлігінің арқасында үлкен пайда келтіріп жүр". 

Айта кетейік, Бекхэм ПСЖ сапына осы жылдың қаңтар айында бесайлық келісіммен келген болатын. Оған қоса, футболшы клуб қатарында жүріп жиған бүкіл ақшасын қайырымдылық қорына аударатынын айтқан еді.   

Биылғы жылы ол клубпен тоғыз бірдей матчқа қатысып, бірақ әлі нәтижелі соққымен көзге түсе қойған жоқ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: eurosport.ru 

Б. Қосмағамбет