Антонио Конте: "Мессиді оқпен ғана тоқтатуға болады"

Антонио Конте: "Мессиді оқпен ғана тоқтатуға болады"

"Ювентус" бапкері Антонио Конте әлемнің үздік футболшысы Лионель Мессиді тоқтатудың жолын білетін болып шықты. 

Оның айтқан сөзін goal.com сайты былайша келтіреді: "Мессиді қалай тоқтатуға болады? Оның бір-ақ жолы бар. Мессиді оқпен ғана тоқтатуға болады".

Бірақ, Антонио Конте бүгін түнде "Милан" мен "Барселона" арасында болатын матчта ішкі біріншіліктегі басты қарсыласы итальяндық клубқа бүйрегі бұратынын жасырмады.  

"Ширек финалға "Милан" шығып қалар деп үміттенемін. УЕФА кестесіндегі коэффициенттерді көбейту үшін еурокубок жарыстарында мен әрдайым итальяндық клубтарға жанкүйер боламын",-дейді Антонио Конте. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: live-football.ru 

Б. Қосмағамбет