Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Чемпиондар Лигасы. "Арсенал" - "Бавария" - 1:3

Чемпиондар Лигасы. "Арсенал" - "Бавария" - 1:3

Чемпиондар Лигасы.

Кеше чемпиондар Лигасының 1/8 финалы аясында өткен матчта лондондық "Арсенал" мен мюнхендік "Бавария" өзара мықтыны анықтады. Алғашқы матч "зеңбірекшілер" алаңында өтті. Бірақ бұл ойында Арсен Венгер шәкіртеріне өз жанкүйерлерінің қолдауы ешқандай көмек көрсете алмады. Матч қорытындысында бавариялықтар 1:3 есебімен жеңіске жетті.   

Сонымен, ойындағы алғашқы есепті  7-минутта "Бавария" сапынан Тони Кроос тіркеді. Қонақтар осы есеппен тоқтап қалған жоқ. 21-минутта "Арсенал" қақпасының алдындағы қарбаласты ұтымды пайдаланған Томас Мюллер есепті еселеді. Осылайша таблода тіркелген 0:2 есебі бірінші тайм аяқталғанша сақталып тұрды.

15 минуттық үзілістен соң, қонақтар жаңа леппен шабуылға шықты. Қақпаға бірнеше мәрте соққы бағыттаған лондондықтар ақыры дегендеріне жетті. Алаң иелерінің ойындағы алғашқы голы 55-минутта орын алды. Голдың авторы неміс Лукаш Подольски.  

Алайда, "Арсенал" ойыншыларының тым болмағанда есепті теңестіреміз деген үміттері матчтың 77-минутында үзілді. Себебі осы кезде "Бавария" Марио Манджукич көмегімен ойындағы ақырғы нәтижені белгілеген еді.  

Енді қарымта кездесу 14 наурызда "Бавария" жерінде өтеді

Чемпиондар Лигасы. 1/8 финал. Алғашқы матч

19 ақпан. Лондон. "Эмирейтс" стадионы
Төреші - Свейн Моэн (Норвегия)

Арсенал (Англия) - Бавария (Германия) - 1:3 (0:2). 

Голдар: Кроос, 7 (0:1). Мюллер, 21 (0:2). Подольски, 55 (1:2). Манджукич, 77 (1:3).

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: infosmi.net

1919 11
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 20 ақпан 2013, 12:30
Пікірлер
+0
20 ақпан 2013, 12:33

Немістердің ұтатынына еш күмән келтірмеген едім. Дәл келді күмәнім :roll: . Енді АПЛ дан тек МЮ ғана қалды десек те болады
:oops:

+0
20 ақпан 2013, 12:46

Жарайсыңдар)

+0
20 ақпан 2013, 13:31

неміс машинасы өз дегенін жасады. Арсеналдың биыл тағы да жолы болмай қалайын деп тұр ғой. Ана бір Саниа дегеннің көзін құрту керек :twisted:

+0
20 ақпан 2013, 14:01

ого былаааай ойланып қарасам МЮ дің да шансы нашар екен ғой. Неге? Ең мықты АПЛ да, ал еврокубоктардан Ла Лига???? :o

+0
20 ақпан 2013, 15:47

АПЛ ең мықты емес, ең әдемі десең болады

+0
20 ақпан 2013, 15:53

Осы спорт туралы жазбаларың көңілден шықпайды. Мағынасы 2-3 сөйлемге сиятын сөздерді көпіртіп кеп 3-4 абзац жасап қоясыңдар. Ондай көп жазғыларың келсе неге тарқатып бірақ жазбайсыңдар? Әлде массагеттің жазғыштарының сөз қоры көп болғанымен білімдері жетпейма екен?!

+0
20 ақпан 2013, 16:04

Не жазады? Негізі бір чемпионатты талқылап жазған дұрыс сияқты, мыс АПЛ, Ла Лига

+0
20 ақпан 2013, 20:22

Кімнің қанша гол соққанынан елдің бәрі хабардар, одан да ойынның қалай өрбіп, кімнің қалай өнер көрсеткені туралы тарқатып, талқылап жазса қызықты болар еді.

+0
20 ақпан 2013, 17:04

Венгерге обал болды

+0
20 ақпан 2013, 18:03

Манджукичтің голы қалай қалай кіргенін түсінбей қалдым өз басым))

+0
21 ақпан 2013, 03:44

маладес жарайсындар Бавариялыктар :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...