Роберто Манчини: "Өзімді Англия біріншілігіндегі үздік бапкер деп санаймын"

Роберто Манчини: "Өзімді Англия біріншілігіндегі үздік бапкер деп санаймын"

"Манчестер Сити" клубының бас бапкері Роберто Манчини өзін қазіргі таңда ағылшын Премьер-лигасындағы үздік бапкер деп санайтын көрінеді. Бұл туралы ол ВВС агенттігіне берген сұқбатында айтты.

"Мен өзімді соңғы 15 айдағы Англиядағы үздік бапкермін санаймын. Жарты жыл бойына баспасөзде менің орнымды Гвардиола басады деген әңгіме айтылып келді. Ақыр аяғында ол "Бавария" тізгінін ұстайтын боп шешті. Енді менің орныма басқа біреулерді үміткер ретінде қарастырып жатыр. Бірақ мен аз ғана уақытта Премьер-лиганы, Англия Кубогын және Суперкубокты ұтып алдым. Бар-жоғы 15 айдың ішінде бірде-бір жаттықтырушы осындай нәтижеге жеткен емес. Мен ешқандай нәрсені алып қосқым келмейді. Бірақ менің айтқандарым факт",-деп келтіреді Манчини сөзін ВВС.  

Итальяндық маман клубқа 2009 жылы Марк Хьюз кеткеннен соң келген еді. Ал оның клубы биылғы жылы чемпиондар жарысында "Манчестер Юнайтедтен" 12 ұпайға қалып келеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: footballhd.ru

Б. Қосмағамбет