Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Еуропа футбол базарынан

Еуропа футбол базарынан

Еуропа футбол базарынан

Марио Балотелли «Миланға» ауысуы мүмкін. Давид Вилья «Барселонадан» кетеді. Ал Фернандо Льоренте «Ювентуспен» келісім-шартқа келді. Міне, Еуропа жеріндегі бүгінгі күндегі басты футбол жаңалықтары осындай.

Осы аптаның аяғында, Марио Балотелли италияндық «Милан» командасына ауысуы мүмкін. The Guardian басылымының хабарлауынша, дүйсенбі күні италиялық команданың басшылары «Манчестер Ситимен» ойыншының трансфері туралы келісім жасауға келген екен.

«Миланның» вице-президенті Адриано Галлианидің Gazzetta dello Sport басылымына берген мәліметінде «МС» командасы  Балотеллиді 37 миллион еуроға сататынын айтыпты. Ал италяндық клуб ойыншы үшін тек 28,5 миллион еуроға шығындалуға даяр.

Уэсли Снейдер «Интерден» кетті. Голландиялық жартылай қорғаушы енді өзінің спорттық мансабын түріктің «Галатасарайында» жалғастыратын болады. Келісім-шарттың нақты қанша мерзімге екені әлі де белгісіз. Бірақ, италиялық баспасөздердің айтуынша, Снейдер енді өзінің қалған спорттық ғұмырын түрік жерінде өткізуі ғажап емес.

Айта кетейік, жартылай қорғаушы «Интер» сапында 116 кездесуге қатысып, 22 голдың авторы атанған.

Тағы бір Италиялық команда «Ювентус» жуық арада Испания құрамасы мен «Атлетик» командасының шабуылшысы Фернандо Льорентені өз қатарларына қосуы мүмкін. Шартнама төрт жылға келісілген. Трансфердің құны 3 немесе 4 миллион еуроға бағаланып отыр. Келісім-шарт бойынша, шабуылшы жаңа командасынан 4,5 миллион еуро пайда табатын көрінеді.

Хосеп Гвардиола әлі ресми түрде «Баварияның» бас бапкерлік міндетіне кіріскен жоқ. Дегенмен, ол жаңа командасының басшыларының алдына тапсырма да беріп үлгерген екен. Hurriyet басылымының айтуынша, испандық маман мюнхендік команданың сапынан «Атлетико» клубының жартылай қорғаушысы Арда Тұранды көргісі келетіндігін айтады. Егер қос тарап келісімге келіп жатса, немістер мадридтік командаға 17 миллион еуро төлейді екен.

Ал Гвардиоланың бұрынғы командасы «Барселона» жақын арада Давид Вильямен қоштасатын секілді. Ойыншы өткен аптада команданың бас бапкері Тито Вилановамен кездесіп, командадан кететіні туралы ашық айтыпты. Бұған себеп ретінде, шабуылшы «Барселона» сапында алаңға сирек шығатынын айтады. Егер «Барселона» командасы Давид Вильяның командадан кетуіне рұқсат берсе, онда шабуылшы ағылшын біріншілігіндегі командалардың қатарына қосылатын шығар.

 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: eurosport.ru

1159 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 22 қаңтар 2013, 13:55
Пікірлер
+0
22 қаңтар 2013, 14:36

Арда Тұран туралы жай өсек! Жорналшылар Пептің келуіне байланысты неше түрлі, қисынға келмейтін қауесеттер таратып жіберді. Тіпті 276 миллионға ойыншылар сатып алмақшы екен деп! Бавария басшылығының өзі айтқан, қазіргі уақытта трансфер туралы әлі еш әңгіме қозғалған жоқ деп. Онсызда орталық алаңы кіл мықтыға толып тұрған Баварияға Арданың керегі жоқ!

+0
22 қаңтар 2013, 16:06

Давид Вилья кетпесе дұрыс болар еді

+0
31 қаңтар 2013, 02:30

Вилья кетсе курысын арй

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...