Месси Аргентинада жылдың үздік спортшысы атана алмады

Месси Аргентинада жылдың үздік спортшысы атана алмады
Фото: google.kz

Аргентинада жылдың ең үздік спортшысы таңдалды. Тілшілер арасындағы дауыс беру қорытындысы бойынша теннисші Хуан-Мартин дель Потро жыл үздігі атанды.

«Олимпия-де-Оро» марапаты Аргентинада жыл сайын табысталып келеді. Биыл бұл сыйлықты Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Аргентина құрамасының Дэвис кубогын жеңіп алуына сүбелі үлес қосқан  теннисші Хуан-Мартин дель Потро иеленді. Ол дауыс беруде каталондық «Барселонаның» үздік сұрмергені Лионель Мессиді басып озды.

- Месси де бұл марапатқа лайықты. Елі үшін еңбек сіңіріп жүр. Менің бұл марапатты алғаным сәл әділетсіздеу де болған шығар. Бірақ біз сіздердің қолдауларыңыздың арқасында елімізде таныта түсетін боламыз, - деді Хуан-Мартин дель Потро «La Nacion » басылымына берген сұхбатында.

О. Сансызбай