Аршавин бәсте жеңілген қазақстандық блогердің шашын тақырлап алды (видео)

Аршавин бәсте жеңілген қазақстандық блогердің шашын тақырлап алды (видео)
Фото: vesti.kz

Алматының «Қайрат» клубында ойнайтын танымал ресейлік футболшы Андрей Аршавин бәсте жеңілген қазақстандық тілші-блогер Петр Воликовтың шашын тақырлап алды.

«ОN TV» телеарнасының жүргізушісі Петр Воликов маусым басында «ресейлік жартылай қорғаушы 8-ден асық гол соғатын болса, шашымды тақырлап аламын» деген болатын. Ресейлік футболшы сегізінші голын соққаннан кейін Петрге бәсте жеңілгенін айтып, шашын алуын ресми түрде хабарлаған-ды. 

Бүгін клуб қызметкерлері арнайы шара ұйымдастырып, Андрей Аршавиннің өзі тілші-блогердің шашын жұрт алдында тақырлап алды. 

О. Сансызбай