Головкиннің Брукқа қарсы жекпе-жегіне дайындығы (видео)

Головкиннің Брукқа қарсы жекпе-жегіне дайындығы (видео)
Фото: vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA, IBF IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына отандасымыз Геннадий Головкин 10 қыркүйек күні ұлыбританиялық боксшы Келл Брукпен жұдырықтасады. Бүгінде отандасымыз осы жекпе-жекке қызу дайындығын жүргізуде.

Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы шаршы алаңдағы шайқас Лондондағы «О2» аренасында өтеді.

Келл Брук бірінші орта салмақта жұдырықтасып келген боксшылардың бірі. Осыған дейін 36 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 25-де қарсыласын нокаутпен ұтқан. IBF чемпиондық атағына ие. Соңғы жекпе-жегін наурыз айының 26 жұлдызында өткізген. Шеффилд (Англия) қаласында өткен жекпе-жекте канадалық Кевин Бизьені екінші раундта нокаутпен ұтқан.

Бүгінде дайындығын шыңдап жатқан Геннадий Головкин Келл Брукқа қарсы жекпе-жегінде өзінің чемпиондық атақтарын қорғайтын болады. Назарларыңызға отандасымыздың дайындығынан түсірілген видеоларды ұсынамыз.

О. Сансызбай