Әлемдегі ең танымал 100 спортшы

Әлемдегі ең танымал 100 спортшы
Фото: espn.go.com

«ESPN» басылымының спорт сарапшылары әлемдегі ең танымал спортшылардың рейтингін жариялады. Жаңартылған рейтингте өзге спортшыларға қарағанда баскетболшылар саны басым.

Әлемдегі ең танымал спортшылар рейтингін португалдық футболшы Криштиану Роналду бастап тұр. Екінші орында баскетболшы Леброн Джеймс болса, үштікке Лионель Месси енген.

Ең танымал спортшылар жылдық табысы, жарнама агенттіктерімен келісімшарттары, әлеуметтік желілердегі танымалдығы мен «Google» жүйесінде есімдері көп ізделуі бойынша анықталған.

Әлемдегі ең танымал 100 спортшының қатарына отандасымыз Геннадий Головкин енбей қалған. Ал оның басты қарсыласы саналып жүрген Сауль Альварес бұл рейтингте 84-орында тұр.

О. Сансызбай