GGG Роналдуды жартылай финалға шығуымен құттықтады

GGG Роналдуды жартылай финалға шығуымен құттықтады
Фото: istory.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин танымал футболшы Криштиану Роналдуды Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлап отыр.

- Жеңісіңмен құттықтаймын, Криштиану Роналду, - деп GGG твиттер желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мадридтік «Реалға» жанкүйерлік танытады. Ал сүйікті ойыншысы – Криштиану Роналду. Екі спортшы бір-бірінің instagram желісіндегі парақшаларына жазылған.

О. Сансызбай