- Негізгі бет
- Бұл қызық
- ММА торында қос...
ММА торында қос қазақ бір-біріне қол көтермеді (видео)
Ережесіз жекпе-жектен Қытайда өткен халықаралық турнирде Қазақстаннан барған Айбек Нұрсейіт пен қытайлық қазақ Ғабит Тұрсынбек бір-біріне қол көтермеді. Қорытындысында төрешілер қызыл қағазбен екеуін де алаңнан шығарып жіберді. Бұл туралы Мұрат Алмасбекұлы есімді «facebook» қолданушысы өз парақшасында жариялады.
«Қытайда өткен ережесіз төбелесте екі қазақ – Қазақстаннан барған Айбек пен қытайлық қазақ Ғабит бір-бірін ұруға қолдары батпай, ақыры төрешілер қызыл қағазбен екеуін де алаңнан шығарып жіберді. Екі бауыр бір-біріне бір рет те жұдырық жұмсаған жоқ. Өтірік алысып, кезек жығылып, жұлқыласып жүріп алды.
Үзілісте Ғабиттың жаттықтырушылары «аямай ойна, жарыстың аты жарыс» деп жатқанын естідік. Бірақ, екеуі сонда да бір-бірін ұрып-соққан жоқ. Иә, бұнысы жарыс ережесіне сай емес шығар, бірақ бір-біріне қандасым деп елжіреген батыр жүректеріне қалай сүйінбейсің. Қазақты қазақ осылай аяп, құрметтейтін, жақсы көретін болса бізге ең үлкен атақ-абырой, даңқ-мәртебе сол емес пе!
Батыр жүректері бауырларына деген мейірімге бай баһадүрлеріміз көп болсын!» - деп жазды.
(видео1 минуттық жарнамадан кейін ашылады)
О. Сансызбай