- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Жейделері ең көп...
Жейделері ең көп сатылатын футбол клубтары
Танымал клубтардың қаржы қорына түсетін ақшаның бір көзі – жейделерінің (форма) сатылымы. Бүгін назарларыңызға жейделері ең көп сатылатын Еуропадағы топ-клубтардың рейтингін ұсынамыз. Бұл рейтингті АҚШ-тың «The Richest» басылымы түзіп отыр.
Әлемде ең көп сұранысқа ие – мадридтік «Реал» мен ағылшындық «Манчестер Юнайтед» жейделері. Екі клуб та жылына 1 400 000 жейдесін сатады екен. 2014 жылы қос клуб жейде сатудан 112 миллион еуро табысқа кенелген. Бұл рейтингтің үштігін каталондық «Барселона» қорытындылайды.
Ең көп сатылатын клуб жейделері
1. «Реал Мадрид» -1 400 000 жейде жылына
2. «Манчестер Юнайтед» - 1 400 000
3. «Барселона» - 1 150 000
4. «Челси» - 910 000
5. «Бавария» - 880 000
6. «Ливерпуль» - 810 000
7. «Арсенал» - 800 000
8. «Ювентус» - 480 000
9. «Интер» - 425 000
10. «Милан» - 350 000
О. Сансызбай