«Сан-Паулу» ойыншылары алаңға ит жетектеп шықты (видео)

«Сан-Паулу» ойыншылары алаңға ит жетектеп шықты (видео)
Фото: saopaulofc.net

Бразилияның танымал «Сан-Паулу» клубының ойыншылары «Палмейрасқа» қарсы ойында алаңға ит жетектеп шықты. Әдетте жас балалардың қолынан ұстап шығатын футболшылардың бұл әрекеті әлем жанкүйерлерін таңдандырды.

Футболшылардың алаңға ит жетектеп шығуы – жанкүйерлерге оғаш көрінгені анық. Арнайы акция шеңберінде ұйымдастырылған шараға клуб басшылығы елдің футбол федерациясынан арнайы рұқсат алған. Иттерге арналған тағамдарды шығаратын компаниямен келісімшартқа қол қойған клуб басшылығының мұндай акцияны ұйымдастырудағы басты мақсаты - көшедегі қаңғыбас иттерге халықтың назарын аудартып, асырап алуына септік жасау екен.

Ойында қос клуб 1:1 есебімен тең тарқасты.

О. Сансызбай