Шомконың голы – аптаның үздік 10 голының қатарында

Шомконың голы – аптаның үздік 10 голының қатарында
Фото: fca.kz

Футболдан Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы «Астана» мен «ХИК» кездесуінде қазақстандық клубтың қорғаушысы Дмитрий Шомко алыс қашықтықтан гол соққан болатын. Асқан шеберлікпен орындалған соққы аптаның 10 үздік голының қатарына енді.

Футбол спортының басты мақсаты – гол соғу, қарсыласты жеңу. Ал жанкүйерлер үшін футболдың бір қызығы – соғылған голды тамашалау. Бүгін біз сіздердің осы аптада соғылған әлемдегі ең үздік голдар топтамасын ұсынамыз. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы мен «Астана» клубының қорғаушысы Дмитрий Шомконың голы да бар.

Үздік голдар көшін «Марсель» жартылай қорғаушысы Ромейн Алессандрини бастап тұр. Ол да Дмитрий Шомко секілді алыс қашықтықтан «Ювентус» қақпашысын қапы қалдырған болатын. Екінші орынға Кокенің бұрыштамадан соққан голы енсе, үштікті Алекс Окслейд-Чемберленнің Англия Суперкубогындағы «Челси» қақпасына соққан голы түйіндеп тұр. Ал төртінші орында – Дмитрий Шомконың голы. 

О. Сансызбай