2014 жылдың 50 үздік голы

2014 жылдың 50 үздік голы

2014 жыл – футбол жанкүйерлерін жабырқатқан жоқ. Бразилияда өткен әлем чемпионатынан бастап, өзге де дүбірлі додаларды тізе берсек, жетіп артылады. Соғылған голдар санында да шек жоқ. Бүгін назарларыңызға осы жылы соғылған ең әдемі 50 голдың бейнебаянын ұсынамыз. 

Бірінші орынға Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Тоттенхэм» ойыншысы Эрик Ламеланың «Астерас» қақпасына қайшылай теуіп соққан  гол орналасқан. Екінші орыннан римдік «Рома» ойыншысы Мирален Пьяничтің АҚШ-тағы жолдастық кездесуде «қызыл сойқандар» қақпасына соққан голы енген. Үштікті тағы бір «Рома» ойыншысы Маттиа Дестро қорытындылап тұр.

Сурет: sportwalls.org

Н. Айдархан